Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2021 жылдың 2 қыркүйегінде сағ. 14:00-де ресейлік...
Жамбыл Әмзеұлы: «Қазақстан суретшілері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаны қолдайды» – #КүшімізБірлікте
Қазақстан суретшілері Егемендігімізді сақтап қалу үшін саналы шешімдерімен, парасаттылығымен халыққа үлкен сеніммен күш берген ел қалаулысы, біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаны қолдаймыз және бірге бір сапта тұрып жаңа қадам жаңа дәуірдің жаңа қоғамында Егемен еліміздің гүлдеп, көркеюіне бар күшімізбен үлесімізді қосып, отанымыз Қазақстанды қорғаймыз!!! Мұндай пікірді Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының жауапты хатшысы Натбаев Жамбыл Әмзеұлы білдірді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". Пікірдің толық нұсқасы төмендегідей:
Отанымыз - егеменді Қазақстанымыздың, мың өліп, мың тірілген қазағымыздың басынан тағы бір тауқымет өтті. Тағыда елім деп, жерім деп ұлтының болашағы үшін батыр боздақтарымыз шейіт болды!!!
Аруағына бас иіп, ата-баба аманатын ұрпаққа аман алып қалған аға-бауырларымызға мың тағзым... арысынан айрылған, зардап шеккен отбасыларымыздың қайғысын бөлісіп, көңіл айтамыз!
Әлімсақтан бері тәңірдің қалауымен бабалардың қайратының арқасында найзаның ұшымен, білектің күшімен қазақ елі парасатты ел басқарған ұлтын сүйген еліміздің ұлы, дана перзенттерінің арқасында әлемге "міне қасиетті Қазақстан осындай" дейтіндей бай-байтақ несібесімен аман-есен бізге жетіп отыр. Елімізде болып жатқан бұл оқиға бар қазақтың бабасынан қалған бай мұраны тек санаулы топтың пайдаланып жүргені, қалған қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайының шектен тыс төмен болуы және шарасыздық халықтың ашу-ызасын тудырып, шектен тыс менмендікпен, менсінбеушіліктің салдарының адам төзгісіз жағдайға жетуі осындай қозғалаңға ұласты. Халықтың бейбіт қозғалысын өздерінің саяси ойынына айналдырғысы келген әліде "көптен" үміті бар тойымсыз топтың арам іс-әрекетіне жалғасты. Бұл "тарихи" қозғалыстың болуының негізгі себебі неде дейтін болсақ халыққа мынадай нарық заманында алтын уақытын сарып етіп көшеге шығып, айқайлап тұру тиімді ма? Әрине жоқ! Табиғатынан қазақ оңайлықпен қозғалмайтын,қаншалықты сабырлы десекте жылдап жыйналған өзін қорғауы керек болған ант ішкен мемлекеттік шенеуліктермен, құқық қорғау органдарының "коррупцияға" беріліп, көңіл бөлмеуінен, жан-айқайына құлақ аспауынан, қорлығынан туған ашу-ызасының салдары. Бұл аманатқа қиянат.
Негізінде бүгінгі халықтың сұранысына ата-бабамыздан қалған "теңқұқықты" мұраның бір пайызыда жетеді. Менмендіктің, астамшылдықтың соңы жетім-жесірге "екі сиыр бақ" деумен бітті. Тығырықтан шығу үшін шеттен ақылшы шақырудың қажеті жоқ, құқық қорғау органдары "тура би" болуы керек! Сол тура билерге, халыққа қызмет етуші азаматтарға ата заңды бұзағандығы үшін қарапайым халықтан ғөрі екі есе ауыр болуы керек! Заң қабылдағыш депутаттарымыздың бар жеңілдіктерін алып, елмен бірге жерде жүретін ету керек. Осындай жағдайда "қасиеті қалмаған" бұл қасиетті орындарға елін-жерін сүйген патриоттар ғана барады және ешкім таласпайтын болады. Тәубе, сіздің уақтылы жедел дұрыс шешім қабылдауыңыздың арқасында егемендігімізге залал келмеді. Ел басына қауіп төнген, өте ауыр жағдайдан аман шықтық!!!
Осындай жағдайға, қасіретке жету себептерінің бірі қарызы басынан асқан, шарасыз халық ергіш, сенгіш, кім жәннәт уәде берсе соған еріп кете беретін болады. Адам кеудесіндегі таза рухтың орыны иманға толып тұруы керек! Иман - рухани байлық, рухы биік қоғам ешқашан, әрқандай жағдайда да кекелген ауыртпашылықты сабырмен шешуге бейім болады. 30 жылдан бері ақсап келе жатқан ұлттық идеалогиямыздың орнын арам ойлы "дұшпандарымыздың" өз ниеттерімен толтырып келгенінің куәсі болып отырмыз! Адамзатқа рухани байлық ауадай қажет екенін ұмытып кеттік!
Суретшілер - адамзат тарихында әрқыйлы замандарда да мемлекеттінің, ұлтының болашағы үшін ұлттық идеалогияның дамуына, халықтың ішкі рухани кеңістігін өздерінің көркем өнерінің нұрымен толтырып, шексіз жігер беретін алып күш екендігін дәлелдеген өнер иелері екенін білесіз.
Қазақстан суретшілері Егемендігімізді сақтап қалу үшін саналы шешімдерімен, парасаттылығымен халыққа үлкен сеніммен күш берген ел қалаулысы, біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаны қолдаймыз және бірге бір сапта тұрып жаңа қадам жаңа дәуірдің жаңа қоғамында Егемен еліміздің гүлдеп, көркеюіне бар күшімізбен үлесімізді қосып, отанымыз Қазақстанды қорғаймыз!!! Жаңа қоғамға жаңа серпін беруі үшін үш мыңнан артық суретшісі бар қазаққа бұдан 300 жыл алдын үшақ суретшісі бар Петр біріншінің құрған Мемлекетік деңгейдегі Көркем Акадиясы керек. Дінгегі мықты өнер ордасы бар қазақ суретшілері еліміздің келешегіне, әлем өнерінің, мәдениетінің көркеюіне үлесімізді қосамыз!
Біз біргеміз!!!
Натбаев Жамбыл Әмзеұлы,
Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының жауапты хатшысы,
Өнертану ғылымдарының кандидаты