Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Фото: Ақорда

Жаңалықтар
75

Президент сот жүйесін реформалау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл турады Ақорда мәлімдеді.

“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.

Жаңа заңға сәйкес, Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құрылады. Кассациялық тәртіптегі істер алдын ала қаралмай, үш судьядан тұратын алқаға тікелей жіберілетін болады. Кассациялық сатыдағы істерді қарау мерзімі алты айдан аспайды. Сот талқылауы тараптардың шақырылуымен ауызша жүргізіледі.

Жоғарғы сотта сот актілері жоғарғы сот судьясының ұсынысы бойынша ерекше жағдайларда ғана қайта қаралатын болады.

Жаңалықтар

TikTok-та 9 жасар қыз әскерге кетіп бара жатқан ағасымен қоштасу сәтін жариялады. Ағасының қолына сы...

Жаңалықтар

Қостанайда полиция көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz. Жол апаты 20 қарашада...