Түркістан облысында оқушы қыз,өз әкесінен жүкті болып қалған.Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды&n...
Елорда тұрғындары Наурыз мерекесіне арналған түрлі жарыстарға қатыса алады
Нұр-Сұлтан қаласында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай 100-ден астам іс-шара өтеді. Қаланың төрт ауданында Наурыз мейрамы атап өтілетін 20-дан астам орын анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин хабарлады.
22 наурызда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін барлық ауданда, соның ішінде елорданың елді мекендерінде «Наурыз Думан» мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары Наурыз мерекесіне арналған концерттерге, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатыса алады және Наурыз көже ұлттық тағамы да жұртшылыққа таратылады.
18-19 наурызда қалада әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарына азық-түлік себеттерін тарату жоспарлануда. Осы күні сағат 11:00-де елорданың Достық Үйі алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы қала тұрғындарына «Қош келдің, әз Наурыз!» іс-шарасын өткізеді.
18-31 наурыз аралығында қуыршақ театры «Наурыз-думан» қуыршақтар шоуына шақырады. Қойылымдардың басталу уақыты: 10:00, 12:00, 14:00 және 16:00.
25 наурызда елорданың Мемлекеттік Академиялық филармониясында «Наурыз сыйы» Ұлттық сыйлығы өтеді. Жоба тек мәдениетті ғана емес, сонымен бірге ұлттық байлықтың алуан түрлілігін білдіретін халық шеберлеріне арналған шара.
18-22 наурыз аралығында Арнасай көшесі, 109 бойындағы сауда павильонының аумағында Наурыз мерекесіне орай үлкен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, онда бағалар базар бағасынан 15%-ға төмен болады.