Өзбекстанның Наманган қаласынан табылған Қожа Ахмет Ясауидің мөрі қазақшаға аударылды. Бұл туралы Тү...
Алматыда театр сыншысы, жазушы Әшірбек Сығайға мемориалды тақта орнатылды
Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығайдың құрметіне құрметіне орнатылған ескерткіш тақта ашылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Аталған мемориалдық тақта Алматы қаласындағы Жібек жолы даңғылы, 12А (С.Мәуленов көшесінің қиылысы) мекенжайындағы үйдің қабырғасында орнатылды. Еске салсақ бұл үйде театр сыншысы 1980-1999 жылдар аралығында 20 жылға жуық тұрған.
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев: Бұл тарихи маңызды шешім – бүгін аса көрнекті театр ұйымдастырушысына және сыншысына, қазақ өнерінің шынайы жанкүйеріне ескерткіш тақта орнатылады. Әшірбек ағаның шығармашылық өмірі біздің сүйікті қаламызбен тығыз байланысты. Оның есімі, мұрасы халқымыздың жадында, шәкірттерінің есінде мәңгі қалады, – деп атап өтті.
Театр сыншысын еске алуға қоғам қайраткерлері, жазушылар мен әншілер және жазушының туыстары қатысты.
Айта кетейік Әшірбек Сығай Қазақстанның сахна өнерінің дамуына, қазақ театртану ғылымына сондай-ақ қазақ әдебиетіне қосқан еңбегі орасан. «Іңкәр шақ» (1978), «Сыр сандық», «Сахнаға сапар», «Жарнама алдындағы ой», «Сахна саңлақтары» (1998), «Театр тағылымы» (2003), «Ән - тағдыр», «Таңғажайып театр» тағы басқа шығармалардың авторы. Оның еңбектері өнер және театр теориясы саласындағы оқулықтарға айналды.