Оффлайн және онлайн форматта «Қазіргі қазақ жазуы: талқы және ұсыныс» атты республикалық...
Баянауыл мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде
Биыл Баянауыл ауданы үшін табысты жыл болды. Өңірге қарасты елдімекендерде мәдениет үйлері мен медициналық бөлімшелер күрделі жөндеуден өтті. Бұл – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының игілігі.
Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, Қаныш Сәтбаев ауылдық мәдениет үйі күрделі жөңдеуден өтуде. Жергілікті мектептің сыртқы қасбеті, қоршауы жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сыртқы қабырғасына академик Қаныш Сәтбаевтың суреті бар мурал салынды.
– Қаныш Сәтбаев ауылының көше жарығының құрылысы толығымен аяқталып, түнгі ауыл іші жарқырап жанып тұр. Ауылішілік жолдарды орташа жөңдеу жобасы бойынша кіреберіс және 4 көшенің жолын асфальттау қолға алынған болатын. Күннің күрт сууына байланысты бұл жұмыс әзірге тоқтатылды. Дегенмен, Жыланды көшесі, 1 қиылыс және кіреберіс жолға асфальт салынып үлгерді, – деді әкімдікте.
Ал, Майкөбе ауылындағы медициналық пунктке күрделі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа 10,1 млн теңге қаражат жұмсалған.
Ауылда 140 адам тұрады. Дәрігер-терапевт тарапынан айына бір рет қабылдау жүргізіледі. Сондай-ақ, медбике күн сайын тұрғындарды қабылдау және тексеру, балалар мен жүкті әйелдерді патронаждау, диспансерлік науқастарды бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Медициналық пунктте дәрігердің қабылдау кабинеті және емшара кабинеті бар.