«Voice of Astana» I халықаралық эстарада орындаушыларының байқауы өтпек

Жаңалықтар
1106

15-16 маусым аралығында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі бірінші «Voice of Astana» халықаралық конкурсын ұйымдастырады.


«Voice of Astana» фестивалі бірнеше іс-шараларды қамтиды: «Астана дауысы» халықаралық байқауы, Байғали Серкебаевтың шығармашылық кеші және Батырхан Шүкеновты еске алу кеші.

Фестиваль аясында 15 маусым күні қазақстандық және шетел әншілерінің қатысуымен Батырхан Шүкеновты еске алу кеші өтеді. Фестиваль 16 маусым күні Байғали Серкебаевтың шығармашылық кешімен аяқталады. Концерттерге Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков, Юлианна Караулова, Элина Чага, «A-Studio» тобы, Роза Рымбаева, Карина Абдуллина, Мейрамбек Беспаев, JCS тобы, Айқын, Жұбаныш Жексенұлы, Дильназ Ахмадиева, Әли Окапов, Динара Сұлтан, Марсель, Динайя, Лидо, The Jigits, Ағайынды Жүгүнүсівтер, Vox Acapella қатысады. 

Өткізілетін уақыты: 2018 жылғы 15-16 маусым, 18.00 с., БАҚ өкілдеріне арналған кіру секторы нақтылануда, сағат 17.00-ден кешікпей келулеріңізді өтінеміз. 

Өткізілетін орны: Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр 45 А, «Сарыарқа» республикалық велотрегі

madeniportal.kz

author

​Батырхан Шүкенов

ӘНШІ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...