ҚР Ұлттық архивінде «Әйелдің әсем әлемі» атты мерекелік шара өтеді

ТАНЫМ
709

2023 жылдың 3 наурыз күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай жазушы, драматург, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Роза Мұқанованың, танымал театр және кино артисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры Ләйлә Ақназарқызы Бекназардың және Биологиялық қауіпсіздік саласындағы көрнекті ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Күнсұлу Дальтонқызы Закарьяның жеке қорларын Ұлттық архив қорына қабылдау салтанатына арналған «Әйелдің әсем әлемі» атты  мерекелік іс-шарасы өтеді.

Іс-шараға Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің кавалері Меруерт Өтекешова, Қазақстан халық артисі, Құрмет орденінің иегері Тілектес Мейрамов, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры Айболат Жаудыр, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Асылхан Сәулебек, ҚР мәдениет қайраткері Шамшия Балтаева, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайберген және басқа да қоғам және мәдениет қайраткерлері, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы қатысады

Сонымен қатар, іс-шара барысында үш кейіпкердің жеке тектік қорларынан құралған көрме ұйымдастырылып, олардың өмір жолына арналған шағын бейнебаяндар көрсетіледі.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві

Уақыты: 3 наурыз 2023 жыл сағат 11.00.

Бақ қызметкерлерінің деректерін жіберу және қосымша ақпарат үшін: +7 707 744 13 43 (Абу-Аскар) нөмеріне хабарласа аласыз.

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...