Ақмола гарнизоны әскери сотында қорғаныс министрлігіне қарасты №31775 әскери бөлімі миномет батареяс...
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан бұзақы жазасын қамауда өтейтін болды
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев екі ай қамауға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz, Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу соты прокурордың күдіктіні сырттай қамауға алу туралы санкциясын қаңтар айының соңында қанағаттандырғаны белгілі болды.
"28 қаңтарда сот сырттай Нұрболат Дәкебаевты екі айға қамау туралы бұлтартпау шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ", - деп хабарлады сот.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Видео телеграм арналардың бірінде тараған. Роликте ер адам жедел жәрдем жүргізушісін балағаттап, артынша соққыға жыққанын көруге болады.
Артынша соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Зардап шеккен Төреғали Берікқалиұлы Мақажанов атындағы облыстық аурухананың неврология бөлімінде жатыр. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленушінің жағдайы әлі де орташа ауыр.
1 ақпанда күдікті ұсталды. Кейінірек оның ұсталған сәті түсірілген видео тарады.
Артынша жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы үндеу жасады. Ол өзін "хайп" ұстап кетті дегендерге жауап берді және өзін ұрған ер адамды сотқа беру ниеті жоқ екенін, кешіруге де дайын екенін айтты.