Ауа райы: Еліміздің 14 өңіріне ескерту жарияланды

Ауа райы
196

«Қазгидромет» синоптиктері 16 ақпанда еліміздің 14 аймағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...