Шымкентте бір әулеттен 25 офицер шыққан

Фото: polisia.kz

Жаңалықтар
1250

Шымкентте Өмірзақовтар әулеті тұрады. Осы ұрпақтан тараған ер азаматтар қарулы қызметті атадан балаға аманаттап, елге қызмет етіп келеді. Бүгінде осы әулеттен 25 құқық қорғау органы қызметкері шыққан, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Polisia.kz мәліметінше, бар ғұмырын ел тыныштығын, халық қауіпсіздігін сақтау жолына арнап, тынымсыз еңбек еткен милиция полковнигі, Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері Батырхан Өмірзақов – осы династияның бастауы. Ол ішкі істер органдарында 1958-1991 жылдар аралығында қызмет атқарған. Сондай-ақ, ол «Өлеңім, сырым менің, шыным менің», «Тарихқа тағзым», «Өткен күндерден қалған іздер», «Қанағат болған өлшемім» атты жеті бірдей кітаптың авторы.

Бұдан бөлек, Өмірзақ атадан тараған тағы 25 азамат өмірін халқымыздың тыныштығына арнап, ел үшін қызмет етіп келеді.

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...