Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне құтқару жұмыстарына көмек көрсетеді

Жаңалықтар
506

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын қабылдады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Келісімнің мақсаты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес апаттық жағдайдағы не апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару үшін мемлекеттердің
іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастық болып табылады. 

Сондай-ақ келісімнің мақсаттарына мыналар кіреді:
– авиациялық оқиғалар туралы өзара хабарлау және апаттық жағдайдағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару бойынша барлық қажетті шараны дереу қабылдау;
– екі жақтың іздестіру-құтқару қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу, ақпарат пен тәжірибе алмасу;
– іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде, оның ішінде трансшекаралық аумақта тараптардың бірінің өтініші бойынша өзара көмек көрсету (авиациялық және жерүсті іздестіру-құтқару күштерімен қамтамасыз ету).

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...