Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады

ЖАҢАЛЫҚТАР
2201
Біріккен Араб Әмірліктерінің орталығы Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады. Бұл туралы Сауда және интеграция ми­нистрі Арман Шаққалиев ведомствоның алқа мәжілісінде мәлім етті. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды.

«Келесі аптада Дубайда QazExpoCongress ұлт­тық компаниясының «Қазақстан» сауда үйін ашамыз. Павильонды отандық тауарды ілгерілетуге барынша белсенді пайда­лана­мыз. Ол тек қана қазақстандық тауарлардың көрсетілім алаңы ғана бол­майды. Алғаш рет инжиниринг қыз­метінің, медицина мен ІТ саланың өнімдерін ілгері­летпек­шіміз»,  – деді министр.

Сауда министрінің айтуынша, нысан ретінде Дубайдағы EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесіне арнайылап салынған Қазақстан павильоны, сондықтан  ғимараттың құрылыс жұмысына ешқандай қаражат қажет емес.

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...