Беларусь астанасында «Барша адамзатты біріктіруші құрал – кітап» атты ХXVІІІ Минск...
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
722
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 343 мың адам. Оларға биылғы екі айда 306 миллиардтан аса теңге зейнетақы төленген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы көрсеткіштер негізінде орташа зейнетақы мөлшерін атады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді. Базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 миллиард теңге жұмсалды», делінген министрлік хабарламасында.