Ұлымен автобусқа мінген Байбек Алматыда қалай қыдырды? (фото)

Жаңалықтар
2281

Бауыржан Байбек ұлымен бірге №205 автобуспен жүріп, демалысын барша алматылықтар жиналатын Панфилов көшесінде өткізген. Бұл туралы шаһар басшысының өзі айтып берді. Қала әкімі жексенбі күнін қалай өткізгені туралы Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Байбек қоғамдық көлікпен жүріп, бірқатар қателіктерді де аңғарған. Оған қоса, қала басшысы алматылықтардың өміріне қатысты да пікір білдірді.

"Жексенбі күнін балаларыммен Панфилов көшесінде өткізбекші болдық. BRT линиясында 205 автобусты күтіп тұрып, аялдамадағы қағаз графикте аталмыш бағыттағы автобустың жоқтығын байқап қалдым. Алайда, қоғамдық көлік электронды таблоға сай, уақытылы келді.

Соңғы екі жылда Алматы автобус паркі 80%-ға жаңарды. Бірақ, әлі де жұмыс көп. 38 мпаршрут бойынша жүретін ескі автобустарға қатысты шағымдар көп түседі.

Жақында тағы 500 автобус келетін болады. Бұл бағытта жүретін автобусты бірінші болып ауыстыратын боламыз.

Панфилова мен Төле би көшесінің қиылысына жеттік. Алматылықтардың көңіл-күйі жақсы. Бәрі күліп жүр. Айнала толған мейрамханалар мен кафелер.

Гоголь көшесіндегі кітап дүкеніне кірдік. Іші толған жастар. Бұл жайтқа қатты қуандым.

Үйге метромен қайттық. Ескі станциялардың көбісінде қозғалысы шектеулі адамдар үшін жағдай жасалмаған. Әжетханалар жоқ. Жаңа жобаларда бұл мәселе қолға алынады", - деп жазған Байбек.


Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...