Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы
232

 29 ақпан күні Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады,   деп хабарлайды madeniportal.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман;

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман;

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында тұман.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 25 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні – 23 м/с.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...