Құрметті Елорда тұрғындары мен қала қонақтары!Сіздерді Астана қаласының 20 жылдығы, Атыр...
“Ата-анама жала жапты»: Нұрсұлтан Жақсыген жеке өмірінен сыр шертті
Танымал актер, шоумен Нұрсұлтан Жақсыген не себепті ажырасқанын айтты. Өнер иесі журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, әйелінің ата-анасына жала жапқанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
“Менің әке-шешем – зейнеткер. Сондықтан менің әйелімнен ақша сұрайтын ниеті де, пейілі де жоқ. Ол өзін ақтап алу мақсатында айтып жатқан шығар. Оның айлығы бізге не керек, мен өзім жұмыс істейтін болсам. Маған ол жұмыс істемесе де бәрібір. Мен өзімнің аманатым екенін, менің жауапкершілігім мен қамқорлығымда екенін де сезінемін, білемін, түсінемін. Әйелім үйде отырып қалмасын, ойы бөлінсін, адамдармен аралассын деген оймен, «жарайды, жұмыс істегің келсе, жұмыс істе» дедік қой. Бірақ жұмыстың да шекарасы болуы керек, ол сақталмады», – дейді актер.
Сондай-ақ өнер иесі әйелінің жұмысын да ұнатпағанын жасырмады.
“Әйелім интим-тренер болып жүр екен. Маған айтқанда курс сатып алып, өзі пайдаланады екен деп ойладым. Ол өзі оқып, төсекте қалай болу керегін басқаларға да үйретіп жүр екен. Төсектегі жағдай төсектің ішінде қалу керек. Естігенде қатты қарсы болып, қысқарт деп айттым. Болмаса жолың ашық кете бер дедім. Маған ұнамайтын дүниелерді жасама деп айттым”, – деді әзіл әлемінің өкілі.