15 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы
257

15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды  madeniportal.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Фотосурет: vk.com

Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгін елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Соның әсерінен қар түріндегі жауын-шашын, Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын болады.

«Тек ҚР батысында, оңтүстік-батысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, батысында шаңды дауыл соғады», – делінген хабарламада.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...