Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...
Чемпиондар Орал қаласына көмек қолын созды
Дала қырандары
«Дала Кырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысында су тасқынымен және оның салдарымен күресу үшін үгіт-насихат науқанының басталғаны туралы хабарлайды.
Қазіргі уақытта жастар қозғалысының өкілдері БҚО-ның аумағында орналасқан елдімекендерді су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысуда.
Ербол Хамитов, Асхат Ділмұхамедов, Алматы Кебісбаев, Василий Тахтай, Фируза Шәріпова, Бейбіт Ыстыбаев, Сергей Цырульников және т.б. спорт жұлдыздарынан құралған алғашқы эшелон Орал қаласында болды және Зачаганск, Желаево, №1 және №2 саяжайлардың маңындағы үйінді бөгеттерді нығайтуға көмектесті. Бұл жұмыстарға жалпы 300-ден астам адам тартылды. Олардың барлығы ММА, грек-рим және еркін күрес, грэпплинг, футбол, футзал және т.б. спорт түрлерінің еріктілері.
Ал 25 сәуір күні сағат 10.00-де «Дала Қырандары» ЖҚБ Астана қаласының Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (APEMS) студенттерімен үгіт-насихат кездесуін өткізеді. Шара барысында бірлестік өкілдері Батыс Қазақстан облысында су тасқынымен және олардың салдарымен күресу науқанының басталғаны туралы хабарлайды. Бұл акция ауқымды іс-шаралар бағдарламасын қарастырады және барлық ниет білдірушілерді осы маңызды бастамаға қосылуға шақырады. Кездесу қатысушылары су тасқынына қарсы күрестің міндеттері мен мақсаттары, сондай-ақ алдағы іс-шаралар мен көмек бағдарламалары туралы хабардар болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Дала Қырандары» ЖҚБ бір айдан бері су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қолдан келген бар көмегін көрсетіп жатыр.
Бұған дейін «Дала Қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке барған болатын. Қырандар аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді. Ал 3 сәуір күні біз Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне көмектесті. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесуден бөлек, қайырымды азаматтар жіберген дүниелерді сол жерде сұрыптап, еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиеді. 9 сәуірде Тайтөбе кенті тұрғындарына көмек қолын созды. Ал 10-ынан 11-інші сәуірге қараған түні қозғалыс қатысушылары Жібек Жолы ауылы тұрғындарының өтініштері бойынша жергілікті бөгетті нығайту жұмыстарына атсалысты.
Байланыс:
Аккредиттеуден өту және кез келген қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірге хабарласыңыз +7 701 111 06 32, +7 705 306 63 66, qyrandary@gmail.com (Анель).
«Дала Қырандары» туралы:
«Дала Қырандары» – Қазақстанның қоғамын түбегейлі өзгертуге дайын белсенді әрі мақсатты жастардың басын бір жерге тоғыстыратын жастар қоғамдық бірлестігі.