2 шілде, 2018 ж. Астана. Астананың 20 жылдық құрметіне орай Қазақстан Республикасының және оның аста...
«Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»
Сурет: stan.kz
1255
«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек «Қызық таймс» бағдарламасында қыз ұзату тойына жиі баратынын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі ұзатқан қыздардың алды көпбалалы ана болған екен.
«Ұзату тойға уайыммен барамын. Ақшаға бола барады деп ойламаңыздар. «Бақытты болып кетсінші» деп қатты уайымдап, бір-екі күн алдын қиналамын. Оны ұзатып салғаннан кейін «Не болды екен, сіңісіп кетті ме екен» деп ойлап қоямын. Аллаға шүкір дейін, мен ұзатқан қыздардың ешқайсысы төркініне қайтып келмеген. Алды 5-6 балалы болып кетті», - деді өнер иесі.