Бүгін әлем бойынша - Отбасы күні

Фото интернеттен

Жаңалықтар
893

Бұл мереке 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының шешімімен бекітілген болатын, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ал 1994 жылы Отбасы күні алғаш рет атап өтілді. Бұл күнді белгілеудің себебі түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған екен.

БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша, бір отбасындағы негізгі құқықтарға көз жұма қарау, ондай проблемаларды елемей, құқықты белден басу – тұтастай адамзаттық отбасына да қауіп төндіре түседі.

Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.

Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Жаңалықтар

Биыл Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс беріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

2024 жылғы 23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшул...