(новелла)Аударған Б.ҚожабековаАмакава Дзиннайдың әңгімесіМенің есімім Дзиннай. Толық аты-жөнім, ата-...
Даоға өрлеу. Даос ұстазы Ван Липиннің өмірі.
Аударған Ә. Мансұрова
(Үзінді)
ҰСТАЗ ЖОЛЫ
...XXI тарау. Қайнар көздерге оралу
Біз міне тағы да Ван Липиннің жұпыны үй - жайында. Отағасы өзінің кең төсегінде отырып, біздің «рухани материялар» туралы еркін әңгімемізді тыңдап отыр, оның жүзі сол мейірімді қалпында аздаған жұмбақ күлімсірейді. Жаздың нағыз қайнаған кезі, үйдің алдында балалар бетонды цистернада шалпылдатып жатыр, даладан шөптің хош иісті лебі келеді, ал ұстаз, бұл дүниедегінің бәрін ұмытып, біздің әңгімемізге ықыласпен құлақ салып отыр.
Ұстаздың шаттанған күлкісін көргенде, оны дене мен рухты тәрбиелеудің ең қатаң мектебінен өткен деп ешқашан да ойламайсың... Міне, біз бақта қыдырып жүрміз, ұстаз күннің көзінен сығырайып, аспандағы бұлттардың жүзіп өтіп кеткеніне қарайды, жүзінде -сол балалықтағы сияқты алаңсыз күлкі. Ол үнсіз Аспаннан сұрайтын сияқты: неге әлем осындай, дәл осы қалыпта ма? Аспанның көгілдір күмбезінің ар жағында тағы бір нәрсе бар ма?
Өз бойынан тылсымдағы «аспан шындығының» болмысын таба білген адам, рухани жарық сәулесін таратады. Бұл жарық адамдарды баурап, ерекше «өрісті» тудырып, адамдар мен бүкіл әлем түлеп, өзгеріп, оларды жаңа кейіпке ендіреді.
Даосизм мұрасын зерделей отырып, даостық дәстүр бүкіл қытай өркениетінің жарқ еткізер өзегі болғандығын және де даос ілімінде, даостардың көрнекті тұлғаларында Қытайдың халықтық рухының ең жарқын, ең жоғарғы күштері үйлесімділігін көреміз. Ван Липиннің айтуынша, даостық әдет-ғұрыпты бағдар еткен, Шығыс мәдениеті жақын болашақта өзіне бүкіл адамзаттың назарын аударады. Қытай мәдениеті қайтадан түледі, сондықтан осы мүмкіншіліктен айырылып қалуға болмайды.
Даостық дәстүрін зерттеген кезде, оның мәні мен қоғамдағы болмысының айнымалы түрлерін ажырата білу өте маңызды. Даостық ілімнің таңқаларлық өміршеңдігінің құпиясы неде екен? Қарапайым диалектика деп аталатын «Дао-Дэ-цзинде» көптеген қазіргі ғалымдар нені табады екен? Немесе кеселдерден айықтырушы өмірді ұзартатын өзіндік жетілу техникасында ма? Сол да, басқасы да, әрине, көпшілікті қызықтыра алады. Бірақ, біздің пікіріміз бойынша, даостың ең басты жетістігі, ол адамдарға өз организмінің жұмбақ мүмкіншіліктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Даостардың даналығы бізге шексіз және бізді қоршаған әлем қандай болса санамыздың да соншалықты шексіз тұңғиық екенін түсінеді және кім өзінен шексіз шығармашылық еркіндікті тапса, онда ол бүкіл адамзаттың абыз болады.
Ван Липинмен ең алғашқы кездесуден бастап-ақ оның ұстаздары, шәкірттің рухани бостандығын шектейтін барлық кісендер мен тұсауларды жоюға тырысты. Олардың мақсаты Ван Липинде сәбилік толысқан және қайғысыз сананы қалпына келтіру болды. Ойлаудың үйреншікті, бірсарынды жолынан олар өздерінің жас тіл алғыш баласын ешқандай да бір жөн-жобалары мен формалары жоқ бүлінбеген таза рухани бостандық дүниесіне жетеледі. Бостандыққа бұл жол қиын сынақтардан өту арқылы жүзеге асады немесе сөзсіз бұл жолмен жүру өмірдің «табиғи» ағынына қарсы қозғала отырып өлім құштыруға әкеледі.
Ұстаздары екі жыл бойы, Ван Липин «ақыл-ойды жоюшылық ....» кезеңін өткенде, тек қана ол өзінің «жабайы табиғатын» жойып және «негізін қалады» деген еді. Ван Липин, өзінің сабақтарының әлдеқайда маңыздырақ екенін; бұл сопының «еріксіз, толық тыныштықта ақиқатты аяғына дейін жетуі» жағдайын, бұрынғы жолдың Ұлы Даомен қайта қосылу екенін, тек көпжылдық сабақтардың тәжірибесін тапқанда ғана түсінген.
Лао - цзыда бұл туралы былай айтылады: «Кеңістік шегіне жет, Тыныштықты берік сақта. Заттардың барлығы бірлесіп көріне бастайды, ал мен олардың қайтуын меңзеймін. Заттар ұлғаяды және көбейеді, және әр қайсысы өзінің тамырына қайтадан оралады. Қайтадан тамырына оралу Тыныштық деп аталады. Міне, Тағдырдың артынан еру деп осыны айтады, ал Тағдырдың артынан Еру - бұл тұрақтылық, ал кім тұрақтылықты таныса, онда ол данышпан болады. Тұрақтылықты білмеу - онда бостан босқа іс-әрекет жасағаның. Бақытсыздық болады».
«Әлемнің бастамасы бар: Әлемінің Анасы осындай. Анасын танысаң, баласын да біле аласың, ал баласын біле отырып, анасын да қорғай аласың. Онда апаттан қорықпайсың».
Осы нақыл сөздерде, сананың «алғашқы қарапайымдылығы мен епсіздігі жағдайына келуі», аспан әлемінің терең ақиқатын көруге қабілеттілігін «кеңістіктің Шегі» - бұл Ұлы Даоның атауларының бірі болып келетін, Шексіз бей берекеттіліктің табиғаты екендігі нақты айтылған. Ол өзімен бүкіл тіршіліктің «негізін» немесе «тамырын» көрсетеді, Кім осы алғашқы жаратылған бірлікке не болса, онда ол бүкіл заттардың «қайнар көзіне оралуын» көру қабілеттілігіне ие болады. Бірақ дүниедегі заттар сансыз айналысқа шыдап төзсе де, олар өзінің қайнар көзіне қайта оралады немесе, былай айтуға болады, өзінің «берік - тыным» және «мәңгі жоқ болған» толық болмысына қайта оралады. Осы қағиданы ұғынсақ, онда барлық заттардың айналыс заңын түсінуге болады.
Ежелгі данышпандар: «Ақиқатты жүректің танымы мен тамырына, қайнар көзіне дейін ұғына бер» - деп айтқан кезде дәл осы ұғымды меңзеген. Өзеннің қайнар бұлағы, ағаштың тамыры бар. Адамның өз ойымен аспан әлемінің бүкіл қағидалар мен барлық құбылыстарды қамти алатын қабілеттілігі бар, бірақ осы адам ойының қайнар көзі қайда екен? Бұл қайнар көз қозғалмайтын иірімге ұқсас, немесе ол болмыстың әрекеттік бастауы ма? Ол тек енжарлықты қамтиды ма немесе ол шындықты өзі жарқыратады ма? Шығыс өркениеті ұсынған осы сұрақтарға жауап беру Шығыстың Ұлы даналығымен қорытылады.
Даостар былай деп айтады: «Кім шортан балықтарға үйренсе, күнде табады. Кім Даоға үйренсе, ол күнде жоғалтады. Жоғалтуды жоғалтып және тағы да жоғалтса, онда әрекетсіздікке жетесің». Даостардың нақыл сөзі де бар: «өз - бойыңдағы күңгірт айнаны үздіксіз тазала». Буддистер «карманың кісендерін сындыру» туралы, яғни мыңдаған жылдарда жиналған дене құмарлығы салдарынан және күнделікті күйбең ойлардан арылу туралы айтады, онда адамның ақыл-ойы жалтырата тазаланған айна, немесе күзгі аспандағы айдың жарығы сияқты, өз рухани дүниесімен бүкіл әлемді жарқыратқызып, бүкіл жаратылыстың «бастапқы көрінісін» айқындайды. Онда адам әлемдегі бүкіл тіршіліктің ақиқатына жетуге өзінен өзі ие болады.
Біз Ван Липин ұстаздың қоғамында бірталай уақыт болып, оның ақылының анықтылығы мен күшіне таң қалумен болдық. Одан бір нәрсе туралы немесе ауруға диагноз қою туралы сұрағанда, ол ойланбастан іле-шала дұрыс жауап берген. Ван Липиннің айтуынша, даостар мәселелер туралы ойланбайды, олар жан сезімі арқылы істің мәніне жетеді. Осындай сезгіштік, танымның жоғарғы формасы болып табылады. Бірақ оған сабақтармен немесе ойланумен келмейді. Кім Даода өзіндік жетілсе, ол өзі соған келеді. Жалпы айтқанда, даостық ғылым даостың өзіндік жетілу практикасынан шыққан, кім осы ғылымға жетем десе, ол өз - өзінде даостық медитацияның принциптерін ұстануы қажет. Даостық практикада көбісі сөздермен айтылмайды, олар «сөзсіз ұғынуды» талап етеді.
Жанымен сезіну және тікелей метинаны білу қалай болғанда да әр бір адамға тән. Кімнің Даода өзіндік санасы жетілсе, олар адам санасының жұмбақ мүмкіншіліктерін жоғары бағалайды. Тыныштықтан білім пайда болуы мүмкін. Кім көп жылдар өзіндік сананы жетілдірумен айналысса, олар осыны өзінің тәжірибесі арқылы біледі. Бірақ «тыныштықты сақтау» деген күні бойы түбір немесе тас сияқты қозғалмай отыру емес, ал бостық не болса да соның өлімі мен жоқтықтың мағынасы болмайды. Дәл осыған қарама-қарсы: даостар айтатын бостық, өзіне барлық нақтылықты сыйғызады, ол барлық шығармашылық өзгерістердің импульс болып келеді, жүректің «алғашқы жаратылыс жағдайы», адам табиғаттың негізі, өйткені ол өзімен шегіне жеткен тазалықты, тыныштық, жоғарғы бірлестікті, сананы лайлап жібермеуін іске асырады, және одан әлемнің метаморфозаларының бәрі шығады.
Осы тыныштық санадан іле-шала алуан түрлі нұсқалар шығады және солайша тез жоғалады. Адамдар медитацияда бастан өткізген осы оқиғалардың, шын өмірде қайталанатындығын, сеанс біткеннен кейін таң қалып байқайды. Сізге бағана ғана көрген адам кездеседі, немесе сіз көрген оқиғаны ішкі көзбен қайтадан көре аласыз, немесе, ақыр соңында сізге бұрыннан сізді қинайтын мәселенің шешімі келеді, олай да болады.
Осы құпияның мағынасы қозғалмайтын отырыста емес, бұл өткен мен келешекті көктей өтетін рухани сезгіштіктің іс-әрекетін жасауына мүмкіншілік беріп, осы жағдайда ғана толық тыныштық пен сананың айқындылығында сақталады.
Біз осы құбылысты аналитикалық психологияның дәлелдерінен және Батыстағы бей сана ілімімен ғана бағалай аламыз. Бізге былай деп айтуға болады: «бостық пен тыныштықтың шегіне» және «бүкіл құбылыстардың өз қайнар көзіне қайта оралуына» жетуі бей сана апатқа батып кеткенін көрсетеді, ал Фрейд бойынша, сананың сферасынан (саласынан) едәуір кеңдеу және тереңдеу болады. Бей саналық саласында бүкіл тәжірибе, адамның бүкіл жады сақталған, бірақ оның мазмұны тек өмірдің сирек кезеңдерінде ғана түсінікті болады. Швейцарлық психолог Юнг «ұжымдық бей саналылық» ұғымын енгізген, бұл ұғым барлық алдыңғы ұрпақтардың тәжірибесін өзі де қамтыған. Бей саналылықтың түбінде адамзаттың бүкіл тарихы және тіпті ғарыштық дүниенің тарихы да сақталғандығын біз болжай аламыз.
Лунмэнь мектебінде «сәбилік санаға қайта оралу» техникасы бар, бүкіл өмір тәжірибеңді қайта еске түсіріп қалпына келтіріп, оны жаңадан бастап бастан өткізуін білдіреді. Бұл сананың терең тыныштық жағдайында ғана болуы мүмкін. Ван Липин ұстаз Хош иісті Желдердің ғибадатханасында семинар өткізгенде осы техникаға үйреткен, семинардың көптеген тыңдаушылары өз өмірлеріндегі көптен ұмытылған оқиғаларды қайтадан толығымен бастан өткізген, ал кейбір егделер бір кезде дәлме-дәл сәби сияқты айқай-шуға басқан. Бірақ біз бастан өткізгенді еске түсіру процессінде қай нүктеге дейін жетеміз? Ван Липин ұстаздың айтуынша жадының қайта тірілуі шексіздікке дейін созылады - барлығы тек қай дәрежеде тыныштық табуына байланысты. Адам бірден өз келешегіндегі күйзелістер туралы біле алады, бірақ келешек қабат - қабатымен оған бірте-бірте ашылады. Осылай болуының себебі, өйткені бей саналықта әр түрлі қабаттары мен деңгейлері болғандықтан, және әрбір қабат өзінің ерекше мазмұнға ие болғандығынан шығар. Бұл қабаттар біздің алдымызда белгілі бір жүйелілікте ашылады, сондықтан, біздің ойымызша, айқын емес білімде де өзіндік құрылым бар.
Ван Липин ұстаздың сөзіне қарағанда, ол көбінесе түс көру тәжірибесін пайдаланған. Оған, дәрігерлікті атқару сияқты қандай да бір қиын жағдай кездессе де, ол емдеу әдісін бірден анықтай алмайды, және ол мәселені ақыл - ойында анықтап ұйқыға жатып, өзінің басын бостан - босқа қатырмай, ұйықтайды. Түсінде оның миы өздігінен жалғастырып еңбектенеді, ал оянғанда, Ван Липин өзінің түстерінде сұрақтың шешімін табады.
Бір ғалым айтқандай, біздің танымымыздың басты кедергісі біз өзіміз танып алғанымыздың дәл өзі. Мыңдаған жылдар бойы адамдар білімнің үлкен қорын жинаған, және оларда тұрақты ойлау әдеттері мен стереотиптері тудырылған. Бұл стереотиптер адамдардың тек әлем туралы түсініктермен сәйкестеніп қана мойындауына мәжбүр етеді, ал басқаның барлығын қабылдамайды. Соның нәтижесінде адамның жанды шексіз жасампаз санасы белгілі бір бағдарлама бойынша тапсырылып қызмет істейтін компьютерге айналды. Буддистер осыны «білімге кедергі» деп атайды. Әрине, рационалды ой мен логиканың өзіндік орны бар, бірақ адамның санасы ойлау қабілеттілігінің ең жоғары, ең универсалды формаларын қажет етеді. Даостар ақыл-ойдың дәл осы кісендерін бұғаулауға тырысып, ақыл - ойға толық еркіндікті беріп, әлемге сананың нұрын еркін де, жайлап төгуге мүмкіншілік береді.
Біз Ван Липинмен әңгімелесіп, уақытты да, күннің ыстығын да ұмыттық. Көшедегі балалардың дауыстары да алыстады.
Біраз уақыттан кейін шыныаяққа құйылған көк шай да суыды... Ван Липин ұстаз бізді шай ішуге шақырып, ашық терезеден айқайлады:
- Фуян, бізге үш алманы жуып әкел.
Бір минуттен кейін Ван Липинның улы - әдемі бойшаң бала - кішкентай табақта үш қызыл алма әкелді. Ол бөлмеде төрт адам отырғанын көріп, әкесінен таңғалып сұраған:
- Әке, сіздер төртеу, ал сен маған тек қана үш алма әкел деп айттыңыз!
- Барлығы дұрыс, - деп Ван Липин жауап берді. - Ал сен үш алма төрт адамға қалай бөлу керек екенін енді ойла.
Фуян табақты еденге қойып, алма да көзін алмай, ойланып қалды.
Ван Липин баласының әбіржіген көріп, өзінің көңілді күлкісімен күліп айтты:
- Қарашы, сенің ойларың бір бағытта кетті: сен қалай біздің әр қайсымыздың бір алма да жейтінімізді ғана ойлайсың, ал бір алма төрт адам жей алатындығын ойламайсың.
Фуян әкесіне таң қалып қарады, сосын үстелден пышақты алып, әр алма төрт бөлшекке кесті, және ең кішкентай үш бөлектен бөлек қойып былай деді:
- Әке, осы үш кесекті жеп қой!
Ван Липин баласын басынан сипап сол күлімсіреген қалпы айтты:
- Енді дұрыс болды.
Фуян әкесі тапсырмасын орындаған соң, достарымен қайтадан ойнауға жүгіріп кетті, ал Ван Липин, бір кесек алма аузына салып, бір кезде бізден сұрады:
- Сіздер қалай ойлайсыңдар, осы бөлмеде қанша бұрыш бар?
- Төрт.
- Ал астындағы саналмайды ма? - Ван Липин әзіл - күлкімен лебізін білдірді.
- Ал, онда түгелі сегіз болады.
- Тағы да қалт кеттіңіздер! - Ван Липин басын шайқады. - Тек қана сегіз қайдан шықты? Мен жас кезімде, бөлмеде қанша бұрыш бар екенін анықтау үшін арнайы жаттықтырудан өттім.
Біздің құмарымызды қоздырып, Ван Липиннен осы туралы әңгімені айтып беріңізші деп сұрадық.
- Әдетте бізді қоршаған кеңістікті біз жәшік түрінде қарастырамыз, соның орталығында біз өзіміз боламыз, - деп Ван Липин өз әңгімесін бастады. - Бірақ, шыңдығында, бүкіл жарық дүниенің кеңістігі көп өлшемді болады, және онда, шынында, тұтас, универсалды нүктенің сан есебі жоқ. Менің ұстаздарым мені осы кәдімгі ақиқатты түсінуге мәжбүр ету үшін, көп уақыт өткізді.
Біз бастапқыда кәрі даостар Ван Липинді бірталайға дейін жерде баспен тұрып төңкерілген әлемді пайымдауға мәжбүр еткенін білдік. Басында Ван Липинге заттардың барлығы шындығында төңкерілген жағдайында болып көрінген, бірақ біртіндеп бұл сезім жоғалып, тіпті әлемде де оның алдында «төңкерілген» жағдайында тұрғандығын ол табиғи түрінде қабылдаған. Сонда Ван Липин расында заттар өзгермейтіндігін, ал тек біздің олар туралы қиял елестеріміз ғана өзгеретіндігін түсінген болатын. Ол заттар жансыз, ал адамның ойы - жанды деп жиі-жиі қайталайды.
Кейіннен оны ұстаздар қараңғы бөлмеге қамап, оған бөлменің ішінде қанша бұрыштар бар екенін сипап анықтауға бұйрық берген. Міне, он бес жастағы жас өспірім Ван Липин қолдарына түскен бұрыштарды санауға талпынып дуалды ақтарып-төңкерген. Ақыр аяғында ол бөлменің ішінде расында сегіз бұрыш бар екен деген қорытындыға келген.
Ұстаздар оған күліп тағы да санап шығуын бұйырған.
Ван Лнпин әрең шыдап, қайтадан бөлмесіне барып ынтамен дуалдардың бәрін түгелдей айналып шықты. Онда оның ойлауы қарапайым, бір өлшемді болған. Ол кеңістікті тек қай жерде тұрған, сол нүктесінен ғана бастап қараған. Бір кезде Чжан Хэдао бөлмеге терезеден қарап және күліп оған дауыстады: «Әй, оқушы, маған айтшы, біздің екеуіміздің қайсымыз сен маған әлде мен саған қарап тұрмыз?». Сосын жоқ болып кетті.
Сол кезде ғана Ван Липин кенеттен бәрін түсінді. Әр бөлмелерде тағы да сыртқы бұрыштар бар екен той.
Бөлменің ішіндегі бұрыштардың жалпы санын білу үшін оған бір уақытта, ішінен және сыртынан да қарау керек.
Өз оқушысын даостық қарттар осылай оқытқан. Олар оны идеялар мен доктриналарға оқытқан жоқ, ал тек қана өз тәжірибесінде нақты жағдайлар арқылы тану керектігін үйреткен. Ұстаздар Ван Липиннің ойлау қабілетін өз шындығының құрылымы жүзінде қалыптастырғандығын айтуға болады.
Содан кейін олар Ван Липинге тал шыбықтардан өрген және сыртынан балшықпен сыланған үлкен себет дайындаған, демек себеттің іші қап-қараңғы болатын. Оқушыға осы себетке өрмелеп шығуды бұйырып, оны ағашқа асып қойды, соңынан Ван Цзяомин себеттің қабырғасынан кішкентай тесік жасап Ван Липиннен сұрады: «Себетке қайдан жарық түседі?» - «Жоғарыдан» - деп жауап берді Ван Липин. Ван Цзяомин тағы да бір тесік жасап сұрады: «Ал енді қай жерден жарық келеді?» - «Астынан» - жауап берді Ван Липин. Осылай Ван Цзяомин Ван Липин әбден бағдарлауын жоғалтып болғанша, бірінен соң бірі тесіктерді жасап, оқушысына оған қай жерде олар бар екенін жауап беруге мәжбүр етеді. Ақыр аяғында Ван Липин түсінді: әлемде асты да, үсті де, оң жағы да, сол жағы да, іші де, сырты да жоқ. Онда кез келген санау нүктесі шартты болады.
Дегенмен, ұстаздар Ван Липинді ылғи алдын ала жасалған жоспар бойынша оқытқан жоқ. Оқыту өмірдің алдын-ала ескерілмеген, аяқ астынан пайда болатын жағдайларында өткен. Даостың даналығын оқытудың бұл мәні нағыз шығармашылық болып табылады.
Оқушылардың тәрбиесіне даостар тікелей қарама-қарсы түрде қарайды. Адамның сана-сезімнің жоғарғы түрлеріне өту барысында ойлау қабілеті көп өлшемді, терең және жинақы болады. Танымның үшінші дәрежесіне өткенде, адамның ойы кеңістік пен уақыт аралықтарын жеңіп шығып, абсолюттік еркіндікке жетіп және осы еркіндіктің нәтижесінде табиғат әлемі және өзінің ішкі тәжірибесі туралы тікелей білім алады.
Ең ақырында - дейді Ван Липин ұстаз - істің мәні оқу бағдарламасының көлемінің кеңі мен тарлығында емес, Ұлы Дао жолында оқушы «үш әлемді» қабілетімен меңгерген ойлау принциптеріне жетті ме, өйткені осы үш әлем - біртұтас шындықтың үш дәрежесі болып келеді.
Осы жайында біз Ван Липин ұстазға будда мәтелін есіне салдық: «Қылшықтың соңында сансыз әлемдер ашылады, Дхарманың Дөңгелегі айналғандай - шаң-тозаң түйіршігі қалықтап жүр».
Ван Липин ұстаз күлімсіреп ілтипат белгісін көрсетіп, басын изеді.
Чэн Кайго, Чжэнь Шунчао.
Подвижничество Дао: Врата двери Драконов.
М, ИНБИ. 2004. -С. 7-14.
Чэнь Кайго, Чжэн Шуньчао