Шөмішбай Сариев
АҚЫНШөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында туған.
Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970–1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған. Қазір М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.
«Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Г.Гулиа, О.Берггольц, И.Абашидзе, С.Викулов, А.Дементьев, Ф.Алиева, Р.Рождественский, М.Эминеску, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылған. Фр.Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003). «Тарлан» сыйлығының иегері (2004). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Шығармалары: Арайлы көктем. А., 1975; Теңізден соққан жел. А., 1975; Тағдыр. А., 1976; Заула тұлпар. А., 1979; Уақыт. А., 1979; Өң мен түс. А., 1980; Үш өлшем. А., 1982; Тағдыр жыры. А., 1984; Біздің ғасыр. А., 1989; Тамаша, Тамаша, Тамаша. А., 1989; Сағынышым-теңіз. А., 1994; Таңдамалы өлеңдер жинағы. І том. А., «Жазушы», 1992.

Елордада Шөмішбай Сариевтің жаңа кітабы таныстырылып, ақын атындағы зал ашылды
Нұр-сұлтанда ақын, әдебиеттанушы, ғалым және Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Шөмішбай Сариевтің...
Алматыда ақын Шөмішбай Сариевтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Алматыда белгілі ақын, қазақтың көптеген әйгілі әндерінің авторы Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев тұрған...
Әміржан Қосанов. Нағашы туралы ноктюрн
Кіріспе орнына Жалпы, нағашы жұрт қазақ фольклорын мықты иеленіп алған, я? Басқасын айтпағанда, жіг...
Домбыра – ақындар жырында
ДОМБЫРА БАЛЛАДА Бір кезде күй болды ма, ...