Ұлықбек Есдәулет
АҚЫНҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет - қазақтың белгілі ақыны.
1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген.
Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған.
Анасы - Салықбаева Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған ), зейнеткер, филолог-тіл маманы.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеу қаласы, 1985) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (2004 жылдан). Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі. М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (2007 жылдан).
«Қанат қақты» (1974), «Жұлдызжарығы» (1977), «Аптайдың алтынтамыры» (1979), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1995), «Алтай асулары» (1988), «Заман-ай» (1999), «Киіз кітап» (2001) кітаптарының; «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003); қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006), «Ынтық зар» (2009), «Әбілхаят» (2009) авторы. «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы.
Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған. Үнді, түрік, фин, африка, алжир, украин, әзірбайжан, қырғыз, абхаз, монғол, саха-якут және басқа халықтардың ақындарының өлеңдерін; сондай-ақ М.Лермонтовтың, А.Блоктың, Д.Кедриннің, Н.Рубцовтың және т.б. бірқата шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.
1971 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық газетінің корректоры. 1977 жылдан - республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі. 1979 жылдан - «Жазушы» баспасының редакторы (Алматы қаласы). 1985 жылдан – Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы. 1986 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі. 1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1991 жылдан - «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы. 1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі. 1997 жылдан – ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі. 2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының бас редакторы.
2008 -2018 - «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы.
Қазір Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы.
ҚР Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының, Ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының, Түркі әлемінің әдеби журналдары конгресінің Тұрақты кеңесінің мүшесі.«Ақбар» бильярд клубының мүшесі. «Құрмет» орденімен (2001); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы (1986), «Жігер» шығармашыл жастар байқауларының (1979), түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының (1995), халықаралық «Алаш» (2000), ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының (2003) лауреаты. Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері (2007). «Қара пима» поэмасы «Жалын» республикалық (жабық) әдеби сайысының жеңімпазы атанған (1982). «Мүшайра»ақындар сайыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы.
Әскери атағы - запастағы лейтенант.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Абылай хан.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Республиканың өркендеуі».
Хоббиі - кітаптар, бильярд, компьютер.
Үйленген. Жұбайы - Есдәулетова Бейсенгүл Кенжебекқызы, дәрігер-зертханашы. Қызы - Есдәулет Назым (1980 жылы туған ), халықаралық журналист, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізушісі; ұлы - Есдәулет Роллан (1982 жылы туған ), мұнай бизнесінің халықаралық экономисі, инвестициялық компанияда активтерді басқарушы. Немерелері - Айя, Нұрайя,Әлихан.
Ұлықбек Есдәулет "Жалын" журналы ұйымдастырған жабық бәйгесінін жеңімпазы (1982), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының (1986), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2002) лауреаты. "Құрмет" орденімен марапатталған (2001).
Той. Тойдан кейінгі ой... Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, мемлекет ж...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтой...
Мемлекет басшысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекетті...
Көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Ұл...
«ЖЫНДЫ»1973 жылы қысқа салым Алматыда жас ақын-жазушылардың кеңесі өтті. Семинарларға бө...
Байбота ақынның ХХ ғасырда жарық көрген бір кітабы «Жұлдызым жоғары» деп аталатын. Қазақ...
Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде дəстүрлі Əдеби жыл қорытындысына арналған жиын баст...
Сонау бір студент кезімде, шамасы 1976-жыл болуы керек, «Социалистік Қазақстан» газетіне...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда бүкілхалықтық президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді. Бұл ш...
Өлеңдерді оқыған Құралай Жұмақан
Ұлықбек ЕсдәулетАқын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Ес...
Әдебиетімізбен бірге жасасып, сөз өнерінің қарашаңырағына айналған «Қазақ әдебиеті» газе...
Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қа...
Қазақстан Жазушылар одағының басқармасының I-ші пленумы «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ әдеб...
Төмендегі сұхбатты осыдан он жылдай бұрын көрнекті ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдә...
Готтардың тарихын терең зерттеген - германиялықтардай, Рим империясының бүгінгі мұрагері - италиялық...
Елбасы мақаласы отандық тарихшылармен қатар жазушыларға да біраз жауапкершілік жүктейді.Өйткені онда...
Бүгін Еуразиялық әдеби форум аясында Қазақстан жазушылар одағы мен Иран жазушылар қауымдастығының ба...
Бүгін, 7 қыркүйек күні Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасында Қазақстан Жазушылар одағы басқармас...
Сен сұлудың» сыры Бұдан жиырма бес жыл бұрын, бірде бөлмедегі радиодан беріліп жатқан әнг...