Ұлықбек Есдәулет
АҚЫНҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет - қазақтың белгілі ақыны.
1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген.
Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған.
Анасы - Салықбаева Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған ), зейнеткер, филолог-тіл маманы.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеу қаласы, 1985) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (2004 жылдан). Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі. М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (2007 жылдан).
«Қанат қақты» (1974), «Жұлдызжарығы» (1977), «Аптайдың алтынтамыры» (1979), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1995), «Алтай асулары» (1988), «Заман-ай» (1999), «Киіз кітап» (2001) кітаптарының; «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003); қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006), «Ынтық зар» (2009), «Әбілхаят» (2009) авторы. «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы.
Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған. Үнді, түрік, фин, африка, алжир, украин, әзірбайжан, қырғыз, абхаз, монғол, саха-якут және басқа халықтардың ақындарының өлеңдерін; сондай-ақ М.Лермонтовтың, А.Блоктың, Д.Кедриннің, Н.Рубцовтың және т.б. бірқата шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.
1971 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық газетінің корректоры. 1977 жылдан - республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі. 1979 жылдан - «Жазушы» баспасының редакторы (Алматы қаласы). 1985 жылдан – Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы. 1986 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі. 1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1991 жылдан - «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы. 1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі. 1997 жылдан – ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі. 2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының бас редакторы.
2008 -2018 - «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы.
Қазір Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы.
ҚР Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының, Ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының, Түркі әлемінің әдеби журналдары конгресінің Тұрақты кеңесінің мүшесі.«Ақбар» бильярд клубының мүшесі. «Құрмет» орденімен (2001); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы (1986), «Жігер» шығармашыл жастар байқауларының (1979), түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының (1995), халықаралық «Алаш» (2000), ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының (2003) лауреаты. Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері (2007). «Қара пима» поэмасы «Жалын» республикалық (жабық) әдеби сайысының жеңімпазы атанған (1982). «Мүшайра»ақындар сайыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы.
Әскери атағы - запастағы лейтенант.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Абылай хан.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Республиканың өркендеуі».
Хоббиі - кітаптар, бильярд, компьютер.
Үйленген. Жұбайы - Есдәулетова Бейсенгүл Кенжебекқызы, дәрігер-зертханашы. Қызы - Есдәулет Назым (1980 жылы туған ), халықаралық журналист, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізушісі; ұлы - Есдәулет Роллан (1982 жылы туған ), мұнай бизнесінің халықаралық экономисі, инвестициялық компанияда активтерді басқарушы. Немерелері - Айя, Нұрайя,Әлихан.
Ұлықбек Есдәулет "Жалын" журналы ұйымдастырған жабық бәйгесінін жеңімпазы (1982), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының (1986), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2002) лауреаты. "Құрмет" орденімен марапатталған (2001).
ҚоналқаСтудент кезім. Үзіліс кезінде біреу маған:– Сені ақын Кеңшілік Мырзабеков шақырып тұр,...
Осынау қиын-қыстау кезеңде табандылық пен өзінің ұстанымын көрсетіп, халықты бірлікке бастап, билікт...
Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі мемлекет қарауына алынды. Бұл туралы Қазақстан Ж...
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет Президент Қас...
Мәдениет, Білім және Ақпарат министрлігі өкілдері, шығармашыл одақтар мен қоғамдық ұйымдардың басқос...
Ақын, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Қазақ әдебиетін дамыту тұжырымдамасын жасау ба...
Биыл қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл. Бүгін Ор...
Қазіргі кезде «интроверт» деген термин жиі естіле бастады. Интроверт – өзімен өзі...
Шора Сарыбай1.Қобызға айналуЖиырма жылдан астам уақыт бұрын, нақтырақ айтсам, 1999 жылы түбі бір Түр...
ҰЛЫ ЖҰМБАҚ Шыңғыстаудан сәуле шашқан бір үміт, Көгімізде мәңгі қалған ілініп. Өшкеніміз жанған шақ,...
Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет facebook парақшасына жарияла...
Бүгін Олжас Сүлейменовтің туған күні! Ақынның өлеңдері қазақ тіліне өте көп аударылды. Ақын өлеңдері...
Ақын Ұлықбек Есдәулеттің "Ынтық зар" кітабы қақында.Ұмытпасам осыдан ширек ғасыр бұрын Ұла...
Боямасыз баяндар (бірінші, екінші дәптері)Сексенінші жылдардың соңында Алматыға жұмыс сапарымен келг...
Әлеуметтік желіде “Қандай кітап оқып жатырсыз?” деп аталатын эстафета өтіп жатқаны желі...
(БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы», «...
Абай мұрасы, шығармалары еш уақытта ескірмейді. Мұндай пікірді Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми...
Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Мәртебелі поэзия мінбері» іс-шараның ашылу...
Бүгін Шымкенттегі «Жеңіс» саябағында «Мәртебелі поэзия мінберінің» ашылу сал...
Қазiргi қазақ әдебиетi - ұлы тұлғалары мен үлгiлi мектептерi бар, талай асулардан асып, биiктердi ба...