Аршын Қабылбек. Сурет салысы, қалам алысы, бояу кешуі

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
3281

«Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында «Мәдениет порталы» "Папирус" айдарын қазақ суретшілерінің арасында ұйымдастырып отыр. Әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Аталмыш айдарды алғаш болып ашқан Дәуренбек Бекназароватың шығармалары және оған берілген анализдерде болса, келесі кезек суретші Санжар Сырғабаевтың жазған картиналарында. Пікір иесі – Аршын Қабылбек.


Кәсіби тұрғыдан алып қарағанда Санжар Сырғабаевтың картиналарында аздап өзіндік қолтаңба жетіспей тұрғандай көрінді. Көптеген бояулардың бір-бірімен қарым-қатынасы аздау. Кәсіби шығармада адам кеңістікті толықтай меңгеру һәм бағындыру керек. Сол тұрғыда  көп орындардың бос қалып жатқанын сеземіз. Мен Санжарды сынайтындай жоғары деңгейдемін демеймін өзімді, нені көрдім, нені сездім соны жаздым. Ал, жалпы шығармашылықты сезінуде өзінің ерекше бояуы бар екенін аңғарып қалып жатасыз кейбір тұстарда. Әсіресе «Арғымақ» шығармасында байқалады. Еркін көсілген жері осы сурет болған екен. Тұтастық пен жинақылық бар ол жерде. Өзінің ішкі әлемі  яғни экспрессионизмі, дауысы, динамикасын сәтті шығаруы , жалпы сезімнің шарықтау шегіне жеткізіп барып бергенін көрдім. Ол жағынан өте қуатты иә тамаша. Қанша түсініксіз абстрактілі жұмыс болса да әр шығарманың тереңдігі болу керек. Бояудың түстік құдіреті арқылы адам ішкі жан дүниесін ақтарып салу керек. Осы бағыттан таймаса үлкен суретшіге айналатынына сендіреді. Сурет салысы, қалам алысы, бояу кешулері көңілімнен шықты аталған шығармасында. 

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...