Ежелгі Грекия өнері

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
40190

Грек мәдениетінің кезеңдерге бөлінуі:

1. Крит–Микен немесе Эгей өркениеті кезеңі б.э.д. II мыңжылдықтар

2. Гомерлік кезең б.э.д. XI – VIII ғғ.

3. Архаикалық кезең б.э.д.VIII ғ. Ортасы мен VІ ғасырдың соңы.

4. Классикалық Грекия кезеңі б.э.д. V – Ivғғ.

5. Эллиндік кезең б.э.д. III – Iғғ.20

Ежелгі Грекия өнерінің қалыптасуына географиялық орнының әсері мол болды: онда онша үлкен емес дөңгеленген таулар, оның етегіндегі зәйтүнді оливкалы, лимонды бақтар, көптеген аралдар, көз алдында үнемі көрініп тұратын теңіз жүзушілері – адамды табиғатпен жақындата түсті, ал қоршаған ортаның масштабы, сұлулығы гректерде табиғат пен адам арасындағы өлшемдік түсінігін қалыптастырды. Осыған орай құдайлардың қасиеттері мен кемшіліктері адамға ұқсас және адам бейнесінде болды. Эллиндіктер дүниені саналы басқара алатын заңдылық деп санап, ал оны Космос деп атады.

Гректер гармонияны Космостан іздеген, яғни олар үшін космологиялық қабылданды, кейіннен гармонияны жердегі өмірден, адамның күнделікті өмірінен қарастырды. Гамония өлшемдік, салыстырмалы өлшемдік, симметриялық түсінігіне жақын. Табиғаттың қолайлығы барлық салада көрінді: ғылымда, сәулет өнерінде, пластикада, философияда, гректердің ойлау ерекшелігінде. Әсіресе эллиндіктердің - барлық нәрсеге таңдана қарап – оны рационалды түсіндіру – реалистік бейнелеу өнерін қалыптастырды.

Минос пен Крит мәдениеті аты аңызға айналған Минос патшасыпен немесе Крит аралындағы Кнос сарайымен байланысты. Минос мәдениеті б.э.д.15 ғасырлада гүлденіп дамыды. Ол вулканның апатынан жоғалып кетті де, ал Критті ахейліктер басып алды.

Троя соғысы крит–микен немесе эгей мәдениетінің соңғы кезеңі, ол Грекияға дорииліктердің кіруіне жағдай жасады.

Тарихта Эллада кезеңі (б.э.д.XI-VIII ғ.) «қараңғы ғасырлар» деп аталады, сондай-ақ ол кезеңді гомерлік деп те атайды. Сол кезде өмір сүрген және эпикалық поэма «Илиада» мен «Одесеяны» туғызған ежелгі грек аэды Гомер атымен аталады.

Крит-Микен кезеңі. Көптеген эгей өркениетінің орталықтары ХІХ ғасырда табылды. Ол ертедегі грек Тезее мен Минотавр мифологиясын зерттеуден басталады.

Крит патшасы Минос өзінің баласының өліміне Афинаға ауыр салық салады. Аңыз бойынша әр төрт жылда жеті қыз бен жеті жас жігітті Минотаврдың жеуі үшін жіберіп тұруы керек болатын. Бір кезде Афин патшасының ұлы Тезейге баратын да уақыт келеді, кеме ойдағыдай жетіп, келгендерді лабиринтке әкелді. Тезейге ғашық болып қалған Минос қызы Ариадна, жігіттің өмірін сақтап қалудың амалын ойластырып, жігітке өткір қылыш пен қайтарда жол тауып келе алатындай кірер есікке байланған, бір орам жіп берді. Әрине бұл мифке көпке дейін зерттеушілер селсоқтық танытып келгені рас.

Мифті расқа айналуы және шындықтың ашылуы Артур Энвес Криттен үлкен Кнос сарайын тапқанда айқындалды. Оның төменгі қабатында қол өнер шеберлерінің шеберханасы мен қойма орналасқан. Екінші қабатында патша мен ханшайымның жеке бөлмесі, бұқалар ойыны көрсетілетін зал - үкен залдың айналасын қоршай орналасқан. Осылай, сыртқа тек жабық қабырғалар ғана шыққан, ал оның фасады ішке қараған.

Крит сәулет өнерінің ерекшелігі симметрия заңдылығының мүлдем жоқтығында.

Кнос сарайларында негізінен екі жақты сикира бейнесі бар: ол сарай қабырғаларындағы өрнекте және құдайдың қолдарында бейнеленеді. Екі жағы да өткір мұндай балта Критте жеміс символы болатын және ол Лабгис деп аталды. Лабирит «екі жақты балта үйін» білдірді.

Үздіксіз лентаға ұқсас созылған, қатты спиральға ұқсас немесе толқынды қозғалыстар және ашық пен қою түстермен алмасқан өрнек, Крит өнеріне тән ерекшелік еді. Толқынды қозғалыс, жел толқыны, желге үрленген парус, крит суретшілерін мәңгі қоршаған стихия, ал ол, криттіктердің өнеріне динамикалы композицияны орнықтырды.

Криттіктер адам қимыл-қозғалысының бейнесін неғұрлым дәл беруге тырысқанымен, бірақ адам фигурасы египеттік канонда: аяғы мен беті профиль, иықтары – фас, көздері тура көрерменге қараған қалыпта берілді. Осындай белгілер ер адамдарды тіпті арық, белі өте жіңішке, ал бұлшық еттері өте дамып жетілген етіп бейнелеп берген.

Криттегі б.э.д. XV ғасырдағы вулкан, ахейліктердің мәдени орталығын басқа аралдарға көшірді. Мысалы, Микенде «алып» қабырғалы сарайлар салынды. Оған мысал, Арыстан бейнелі қақпа.

Криттіктерге қарағанда Микен құрылыстары симметриялылығымен ерекшеленді. Алаңның орталығын төртбұрышты – мегарон алып жатты.

Сарай қабырғалары фрескалармен әшекейленді. Сюжетті фреска тақырыптары: арыстан аулау, атты ерттеу, найза мен қалқан ұстаған ахейліктердің бейнесі.

Ахейліктердің бейнелеу өнерінде қатаңдық пен статикалық алға шықты. Криттік динамикалықтың орнын қатаң симметрия және схемалы бейнелеу алмастырды.

Гомерлік кезеңде Троян соғысынан әлсіреген ахейліктерді дорийліктер басып алады. Дорийліктер көркем өнер жағынан ахейліктерге қарағанда әлде қайда төмен сатыда болатын. Олар өздерімен бірге қатаң геометриялық стильді сызықты өрнекті (дөңгелек, үшбұрыш, ромбылар) дамытты. Бұл кезде құрылыста көбіне ағашты пайдаланғандықтан ешқандай ескерткіштер қалмаған. Бұл кезеңнен жеткен ғимараттардың түбірі (фундамент) сол кездегі ағаш сарайлар мен ғибадатханалардан жалтылдаған темірлермен әшекейленгенінен хабардар етеді. Осы кездері Гомердің «Илиадасы » мен «Одисеясы» дүниеге келген.

Архаикалық кезеңде Гректердің өмірі мен мәдениетінің қалыптасуына колонизация мен жаңа сауда-саттық жолдарды іздестірудің әсері мол болады. Грек қалаларында, қолөнерлер мен саудагерлер қоныстанған, ақсүйектердің баратын орындары пайда бола бастады, оларға шаруалардың тіпті кіруіне де болмайтын. Қол өнері мен сауда, жер шаруашылығына байланысты адамдарға байлық әкелетін іске айналды.

Құдайлар өнер мен қол өнері шеберлерінің жебеушісіне айналды. Оларға тағзым ету, ғибадатханаларды көркем безендіру әрбір азаматтың парызы болды.

Архаикалық кезеңдегі Грек ғибадатханалары тек діни орталық қана емес, олар саяси және экономикалық орталық та қызмет атқарды. Ғибадатханалар қала құрылыстарының асқақтығын асырып, қаланың алаңының орталағында немесе акропольде тұрғызылды; оның негізгі фасады шығысқа қарады.

Грек сәулет өнеріндегі тастан тұрғызылған, ең қарапайым ғибадатхана түрі «антадағы ғибадатхана» деп аталды. Бұл ғибадатхана – фасады шығысқа қараған, төбесі екі жағы да құламалы, черепицамен (үй жабатын жұқа қатырма балшық) немесе мәрмәрдан жабылған шатыр, оның жобасы төртбұрышты, наостан (кішірек бөлме ) тұрады. Оның алдыңғы жағындағы анта аралығында, яғни қабырғалардың алға шығыңқы бөлігінде, екі колонна орналасты. Ғибадатхананың бұл түрі бір фасадтан қабылдауға арналды.

Неғұрлым жетілген ғибадатхана түрі – простиль. Оның алдыңғы фасадында төрт колонна орналасады.

Біртіндеп бірнеше храм түрлері пайда болды. Ең кең тарағаны ғибадатхана жобасы төртбұрышты, айнала колонналармен қоршалған периптер. Грек классикалық ғибадатхана үлгісіне айналған периптердің көркем құрылымы қарапайымдылық пен аяқталған бүтін формаға ие болды.

Қарапайым ғибадатхана бөліктері ғимараттың конструкциясымен біртұтас байланыс тапты. Осылай ұзаққа созылған көркемөнердегі эволюцияның нәтижесінде айқын бүртұтас сәулеттік құрылыс жүйесі қалыптасты. Ол кейіннен римдіктеде ордер, тәртіп, қатар деген мағынаны білдірді. Ал, грек сәулет өнеріндегі «ордер» деген сөздің мағынасы - бүкіл құрылыстың образды және конструктивті құрылымы дегенді білдірді.

Архаикалық кезеңде грек ордері екі түрде құрылды – дориилік және иониилік. Дориилік ордер, грек түсінігінде, ер адамның батылдығын, гармония мен қатаңдық идеясын білдірді. Иониилік ордер дориилікке қарағанда жеңіл, сымбатты ірі, сәнді болып келеді. Кейде дориилік ордердің колонналарын ер адамның (атланттармен), ал иониилік ордерді -әйелдің (кариатидалармен) фигураларымен алмастыратын болған.

Дориилік ғибадатхананың ауыр салмақты тас тұғыры – көбіне үш қабатты баспалдақты, стереобаттан тұрды. Стереобаттың үстіңгі беті стилобат деп аталды және ол ғибадатхананы көтеретін постамет қызметін атқарды. Төртбұрышты планды тастың үстінде орналасқан ғибадатхананың - алдыңғы бөлігі пронаос, ал төртбұрышты бөлме – наос (шіркеу) деп аталды. Төтрбұрышты ғибадатхананың ішкі жағын төбеден түсетін жарық жарықтандырып тұрды. Ал, Опистодом ғибадатхананың – артқы шығатын фасады.

Наос, пронаос және опистодом барлық жағынан колонналармен қоршалып тұрды.

Ордер бірнеше бөліктерден құрылды: калонна, капитель, антаблемент. Ордердің ең негізгісі калонна. Әдетте пропорциясы салмақты және алып болып келетін колоннаның негізгі діңгегінің жоғарғы жағы аздап жіңішкере түсетін, жіңішке науашықтармен ойылған (каннелюри) бағанадан тұрды, ал оның бас жағын капитель аяқтайды. Капитель антаблемент салмағын көтеріп тұратын – дөңгелек тас жастықша - эхин мен биік емес тас тақтайша – абакадан құралған.

Антаблемент архитрав пен фриздің және карниздің бір-бінінің үстіне қабатталуынан құрылған. Дориилік ордердің архитравы – жылтар, ал фризді триглифтер мен метопалар безендіріп тұрды.

Дориилікке қарағанда, иониилік ордердің колонналарының өлшемдік қатынасы жағынан биігірек және жіңішкерек тұғыры бар болса, ал оның капителі эхин екі әсем иірімді – валюта.

Суретшілер, көркем бақылау нәтижелерін жалпылай келе, адам

Дориилік Иониилік Коринифтік

Архаикалық мүсіннің даму жолы күрделі өтті. Б.э.д. VI ғасырдың ортасына дейін фронтальды құдайлар мүсіндері жасалды. Бұндай мүсіндерге Делос аралынан табылған «Артемида» мен Самос аралынан табылған «Гера» мүсінін келтіре аламыз. Гера бейнесіндегі мүсінінде матаның қатпарлары мен әйелдің салыстырмалы өлшемдік қатынасын дұрыс беру жетіле түскен. Осы кезден бастап грек мүсіншілері батырлардың, кейініректегі – куростардың бейнесінде адам образын сомдауда үлкен жетістіктерге жете бастайды.

образының типтік мінезді бейнені қалыптастырып, бейнелерді көбіне бір типте орындады. Курос мүсіндерін жарыста жеңімпаз болған адамға арнап ескерткіш ретінде табытқа қойды.

Б.э.д. VI ғасырдың ортасына қарай куростардың мүсіндерінде адам фигурасын көшіруге, форманы модельдеуге ұмтылады және оның бетіне бейнесіне шартты жымиыс арқылы жан кіргізе бастайды. Бұл «архаикалық жымиыс» шартты мағынада орындалғандықтан әлі де болса статикалы болып қалды.

Афинадағы архаикалық өнердің жетістігінің бірі, акропльден табылған сәнді киінген, сұлу қыздардың (кора) мүсіні. Коралардың мүсіні архаикалық көркемөнердің дамуының нәтижесін қорытындылайтындай. Онда жеке адамзаттық құндылықтар жайындағы түсінік пластикалық тілмен қаншалықты ашылса, әсем силуэтті, біртұтастық сәндік сипатты соншалықты айқындай түсті.

Классикалық Грекия кезеңі (Б.э.д. IV-ші – б.э I ғасырлары). Сәулет өнерінің дамуына үлес косқан өнер ошақтарының бірі - Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі - б.з.б. V ғ-дағы Периклдың билік құрған тұсы. Афин қаласының ең биік төбесіне жартасқа ауданы 300 х жерге жететін Акрополь қаласы салынады. Олардың сәулетшілері Иткин мен Калликрат, ұзындығы , ені (б.з.б. 448 -438 ж) Парфенон ғибадатханасын түрғызды. Ғимараттың шатырын биіктігі 10 м-ге жуық жетерлік колонна ұстап түрды. Ғибадатхананың ішкі жағына Фидийдің Афина құдайына арналған мүсіні орнатылды. Шатырдың шығыс жақтағы маңдайшасына Афинаның тууы, батыстағы маңдайшасына Афинаның Посейдонмен айтысы тақырыптарына арналған бейнелелер бедерленді. Фризде 160 панафея шеруі бейнеленген, 92 метопа атты ұсақ бөлшектерде алыптардың, кентаврлардьң амазонкалардың бейнелері бедерленді. Акропольге көтеріле берістегі орналасқан бірінші құрылыс – сәулетші Мнесикл (6.3.6.440- ж.) тұрғызған Пропилей ғибадатханасы. Акропольде Парфеноннан кейінгі орналасқан, ерекше Эрехтейон ғибадатханасы бой көтерген. Ол қаланың аты анызға айналған Эрехтеяға арнап салынған (сәулетшілер Архилох) Филокл, б.з.б. 421 – 407 ж.) Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектура саласына қосқан бір жаңалығы - архитектуралық ордер жүйесі. Бірнеше құрамдас бөліктен тұратын ордерлік жүйе көне грек ғибадатханалары негізгі айқындаушысына айналды. Бір тәртіпте орналасқан колонналар антаблементті көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі: дории, иониилік және коринифтік Афин акрополінде көрініс тапты. Мысалы, Парфенон дориилік ордерде, Эрехтейон иониилік жүйеде шешімін тапқан ғибадатханалар. Ғибадатхана қабырғалары ірі, кесек тастардан қаланатын болған.

V-ші ғасырдың соңында суретшілер, ал кейінірек көрермендер жаңа қалыптасқан тәсілді түсіне бастады. Өнерді діни немесе қоғамдық жағынан ғана бағалап қоймай, оның көркемөнер құндылығы жағынан да бағалай түсті. Осы кездегі Парфенон дориилік ордерде тұрғызылған болатын, ал оның соңын ала акрополь құрылысында ионилік стиль пайда болады. Ол ғибадатхана Эрехтейон деген атқа ие болды. Ионилік стильде капительдің қарапайым жастықша формасын – сәнді валютамен алмастырады. Осындай құрылыстар өзінің нәзіктігімен, әсемдік пен жеңілдікті тудырды. Осы уақытта Афиналықтар Спарталықтармен соғыс жүргізіп жатқан кезі еді. Біздің заманымызға дейінгі 408 жылы аз ғана уақытқа созылған достық, Акропольдегі кішкентай ғана Жеңіс құдайына арналған ғибадатханаға баллюстрада қосылып салынады. Оны сәндеп тұрған мүсін, өте нәзік ионилік стильде тұрғызылған. Ондағы фигуралар қатты бұзылғанымен қол, бас мүшесіз мүсін бейнелерде оның сұлулығын сақтап қалды. Бұлар жүріп бара жатқан қыздар мен шешіліп қалған сандалын жөндеп байлап жатқан қыздың фигурасы, яғни Ника Жеңіс Құдайының бейнесі.

IV ғасырда өнерге деген көзқарас өзгере түседі. Фидий мүсіндері құдай бейнелері ретінде бүткіл Грекияда танымал болды. IV ғасырдағы ғибадатхана ішіндегі немесе сыртындағы мүсіндердің көркем құндылығы жоғары бағаланады. Гректер білімді театрдан, өлеңнен, кескіндеме мен пластика өнерінен талдай бастайды.

Осы кездің атақты шебері, Пракситель, нағыз образды жасаушы деген атқа ие болды. Оның әйгілі жұмысы «Гермес құдайы мен Дионис». Пракситель мүсінінде бүткіл сұлулығы мен грациясы тірі адам денесіне ұқсас әсер бергенімен, мүсінші оған басқа да грек суретшілері сияқты тәжірибе арқылы жетті. Өмірде грек мүсіндеріндегідей симметриялы, пропорционалды, жақсы біткен дене бітімі болуы мүмкін емес. Грек мүсіншілері, көптеген тірі адамдарға қарап, олардың сұлулық идеалына жауап бермейтін, ұнамаған жерлерін алып тастап, одан кейін оларды жетілдіре түскендей. Грек шеберлері натураны «идеалдаған» дегенде фотоснимкадағы кішкене кемшіліктерді жоғалтып жіберетін, жұмысты ретушерлау деңгейіне келеді. Ретушерленген, идеалданған портреттерде мінезде, айқындаушы күш те жоқ болатын.

IV ғасырдың ортасындағы атақтысы – ер адамның сұлулығы болып саналытын, Аполлон Бельведерский мүсіні. Мұнда атқан садағының оғын қайда кетіп бара жатқанын бақылап қарап тұрғандай, Құдай ерекше қимыл-қозғалыста тұрған қалпында сомдалған. Келесі мүсін, Милосс Венерасы – оң жанынан қарауға есептеліп жасалған.

Жоғарыда келтірген мүсіндер адам типтерін жасады, олай болса бұл жағдайда адамның жеке ерекшелігі қалай болмақ? Не дегенмен, гректер IV-ші ғасырдың соңына дейін портрет дегенді білмеді. Грек өнерінің ерекшелігі – мүсіндердегі бет-келбетке ешқашан характерлі мимика бейнелемеді деп айтсақ та болады. Грек мүсіндеріндегі беттің бейнесін өмірсіз, тіршіліксіз деп айтуға да келмейді, бірақ олар күшті эмоцияны ешқашан бейнелемеді. Сократ айтқандай суретшілер дененің қозғалысы мен қимылымен «жанын жеп» (душевными усилиями) көрсеткенімен, қөңіл-күйді бейнелеп көрсету арқылы бетті бұзып жіберуден сақтанды.

Праксительден кейінгі буын суретшілер беттің сұлулығын жоғалтпауға және аяқтауға тырысты және бұндай жетістікке IV ғасырдың соңында қол жеткізді. Александр Македонский тұсында портреттеу талқыға салына бастады. Александр өз портретін мүсінші Лисиппке тапсырады. Александр тұсында өнер жаңа бағыт ала түскенмен, әдетте бұл кездегі өнер грек өнері емес, эллиндік деп аталды, өйткені осы кезде мемлекеттер осылай аталды. Жаңа астаналар – Александрия Мысырда, Пергам - Кіші Азияда -суретшілерге жаңа талап қоя бастады. Тіпті сәулет өнерінде дориилік қарапайымдылық пен иониилік жеңіл грация көңілге сыймады. Азия мен Батыс мәдениетінің араласыунан жаңа сәнді коринифтік ордер пайда болды.

Пергам алтары ансамблінде (160 жыл тұрғызады) рельефті бейнелер құдайлар мен гиганттардың соғысын бейнелейді. Бейнелер жазық қабырғаға бағынады, ондағы фигуралар жұмыр дөңгелекке ұқсас болып келді. Эллиндік суретшілер осындай динамикалы сюжетті жақсы көрді.

Помпей қаласы 79 жылы вулканның атқылау себебінен жоғалып кетті. Сол кезден жеткен сәнді росписьтерден барлық жанрларды көруімізге болады. Бұл кездегі бейнелер қаншалықты шынайы болғанымен, онда қай нәрсенің қай орында тұрғаны белгісіз. Өйткені эллиндік суретшілер перспективамен таныс емес еді. Олар өздерінен алыс тұрған затты кішірек етіп, ал жақын тұрғандарын үлкенірек етіп бейнеледі, өйткені олар затттың көз алдынан алыстаған сайын өлшемі кішірейетіндігін әлі білмейтін.

Негізгі әдебиеттер

1. Античные мифы в изобразительном искусстве / Сост. С.Ю.Афонькин. – СПб: ООО «СЗКЭО», 2003. 96 с.

2. Виппер Б.Р. Искусство Древней Греции. М ., 1972.

3. Гнедич, П. История искусство: Египет. Передняя Азия. Эллада. Рим. Арабы. / Репритное воспроизведение издания 1908 года. – Третье издание.- Кпасноярск: Российский фонд культуры ХТО «Краевед» совместное с ТОО «Интеграл», 1994 – 495 с.: илл.

4. Кун Н.А.Ежелгі Греция мифтері мен аңыздары. Алматы: Мектеп, 1979. – 504 б.

5. Ривкин Б. Өнердің ықшам тарихы... Антик өнері. -Алматы: Өнер, 1988.-360б.

6. Ривкин Б.И. Античное искусство. Малая история искусства. М.,1970.

7. Алпатов, Михаил Владимирович. Художественные проблемы искусства Древней Греции / Рецензент Н.А. Сидорова, оформление и макет М.А.Аникст. – М.: Искусство, 1987. – 222 с.: ил.

Тапсырмалар:

1. Грекия сәулет өнерінің әлемдік сәулет өнерінің дамуына әсері. (Мысалдар келтіре отырып, ауызша талдау)

2. Грек құрылыс типтері. (мысалдар келтіре отырып, талдау жасау)

3. Грекиялық мүсін өнеріне реферат жазу.

4. Грекиялық өрдерлік жүйе туралы конспекті жазу.


РИМ ӨНЕРІ

Б.э.д. I ғасырдың соңына қарай эллиндік мемлекеттің құлдырауы кезеңінен бастап, антикалық дүниеде римдік мемлекет алға шыға бастайды.

Ежелгі Римдіктер өздерінен кейін мықты сәулет ансамбльдер мен инженерлік-техникалық құрылыстарды, адамның мінез-құлқын дәл берген портреттік ұқсастықта орындалған мүсіндерді, монументальды кескіндеме үлгілері мен қолөнері шығармаларын қалдырды. Римдіктер Грек өнерінен өздеріне шығармашылық өңделген көп нәрсе алды, бірақ олар өзінің ежелгі италияндық мәдениеті бар, б.э.д. III мың жылдықтардан басталатын эсрусктар өнері қалыптасқан жерде өсіп шықты21.

Этрусктардың тамаша бекінген қалалары жақсы жабдықталған жолдармен, көпірлермен бірікті. Этрусктар да гректер сияқты, көп құдайларға, пұтқа табынды. Мысалы, олардың негізгі құдайлары: Юпитер, Юнона және Миневра (олар Гректің Зевс, Гера, Афин құдайларына тура келді).

Этрсктердің үйлері өсті, копозициялы болып келді, бірақ түрлі жобалы, төртбұрыштыдан дөңгелек пішімге дейін кездесе берді.

Мүсін өнері ерте дамыды. Адам қайтыс болғаннан кейін денесін жағып сақтайтын терракотылы ыдыстардың қақпақтарында адамның фигурасын немесе өлген адамның дәл портреттік ұқсастығында бюсті орындайтын болған.

Этрусктердің керамикасының формасы грек кирамикасына ұқсас, бірақ ол жасалу техникасымен ерекшеленеді. Этрусктер ыдысты қарайғанша күйдіретін, сондықтан оларды «буккеронеро» - «қара жер» деп атаған, оларды қолаға немесе алтынға ұқсайтындай едіп жылтылдататын және ыдыстардың сыртына тырналған суреттермен немесе аңдар мен құстардың бейнелерімен безендіретін болған. Этрусктер зергерлік өнердің де шеберлері, олар әсіресе қола құю әдісімен атақты болды. Осы күнге дейін сақталған, Римнің құрылуы туралы аңызды еске түсіретін атақты Капитолий қаншығы (б.э.д. V ғ. басы)22 этрусктарға меншікті.

V ғ. этрусктер Рим қоластына түседі, сол кезден бастап римдік өнер негізгі рөл ойнайды. Дегенмен этрустардың дәстүрлі өнері ежелгі Рим өнерінің қалыптасуына міндетті түрде әсер етті.

Рим өнерінің хронологиялық қалыптасу кезеңі мыңдаған жылдарды қамтиды – б.э.д. 6 мың жылдықтың соңы мен б.з. V ғасырдың соңына дейінгі аралық. Рим өнерінің дамуын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

1. Республикалық (VI ғ соңы мен б.з. I ғ.)

2. Рим империясы кезеңінің өнері (б.э.д. I ғасырдың соңы мен б.э. 467ж.)23

Рим өнері жергілікті италия халқы мен тайпасының және бірінші кезекте этрусктердің және неғұрлым дамыған грек өнерінің негізінде өркендеді. Оның дамуына Рим империясының құрамындағы кейбір халықтар өнерінің де маңызы зор болды – галлдар, германдықтар, кельттықтар және т.б. Рим өнері әртүрлі элементтерді алғанымен, өздерінің көркемөнер ерекшелігін сақтап қалды.

Тарихи қалыптасу ерекшеліктері де рим өнерін грек өнерінен өзгешелендірді. Рим өнерінде мемлекеттің құдіретін арттыра түсетіндей, көп халықты жинап сыйғыза алатындай құрылыстар тұрғызды. Осылай қоғамдық құрылыстар сәулет өнеріне жетекші рөл атқарды. Мүсін өнерінде портрет жанры негізгі орынға ие болды.

Римдік қоғамның қажеттілігінен көптеген құрылыс типтері пайда болды: амфитеатрлар, термалар, салтанатты аркалар, колонналар, акведуктер және т.б. Римдіктерде сарайлар мен дербес үйлер, виллалар, ғибадатханалар, театрлар, көпірлер, табыттқа арналған ескерткіштер сәулет өнерінде жаңаша шешімге ие болды. Рационалды Рим сәулет өнері, кеңістіктік пен алып сәулет құрылыстарының біртұтастығы және конструктивті логикалық пен қатаң симметриялы геометриялық формалардың негізінде құрылды.

Рим империясының тұсында рим сәулет өнерінің негізгі түрі қалыптасты. Қатаң өмір, үнемі жүріп жатқан соғыс пен азаматтық күрестің конструктивті логикасы монументальды инженерлік құрылыстарда көрінді. Сондай құрылыстың бірі, Римнің (б.э.д. 8 ғ., үш жотада пайда болды. Капитолии, Палатин және Квириналь) қорғаныс қабырғасы антикалық инженерлік өнердің ең кереметтерінің бірі.

Б.э.д. III-I ғасырларда басып алған мемлекеттерден ағылған байлықтардың әсері, жоғарғы класс өкілдерін ысырапшыл етті, ол римдіктердің мінез-құлқын өзгертті. Римдік ғибадатханалар мен виллалар, сарайлар өнер мұражайына айналады.

Грек өнеріне қызығушылық біріншіден ордерлі жүйеде көрінеді. Бірақ римдіктер оның мағынасы жайында басқа түсінікте болды. Ол кездегі грек сәулет өнеріндегі ордер конструктивті рөл ойнаса, ал, Римде ол негізінен сәндік қызмет атқарады. Римдіктер этрусктардан тоскандық ордерді алады.

Гректердің әсері рим сәулет өнерінде айқын көрініс тапты. Этруриядан - арка, Гректерден – ордер алған римдіктер, арка мен колоннаны біріктіріп, римдік ұяшықты жасады және аркаданы құрылысқа енгізді24.

Римдіктер грек өнерін үлгі ретінде қарады. Б.э.д. II ғ. жоғарғы қоғамда грек тілі негізгі тіл болды. Грек көркем шығармалары, әсем грек мүсіндері қоғамдық ғимараттар мен үйлердің және виллалардың ішін толтырды. Сол кезде Мирон, Фидий, Поликлет, Пракситель, Скопас, Лиссип сияқты атақты грек мүсіншілерінің мүсіндерінің түп нұсқалары мен көптеген көшірмелері пайда болды.

Жаңа құрылыс материалдары пайда болды – бетон үлкен күмбезді жабылған және алып ғимараттардың жаңа конструктивті мүмкіндіктеріне жол ашты.

Республика заманында Римнің орталық алаңы – сауда-саттық пен қоғамдық өмірдің барлық саласы қайнап жататын, Форум - Капитолий мен Палатин төбелерінің ортасында орналасқан болатын. Осында Римде атағы шыққан адамдарға арнап мүсіндер орнататын. Рим ғибадатханаларының негізгі түрі ежелгі жергілікті дөңгелек периптер болып қалды. Римге жақын Тивилде орналасқан кішірек ғибадатхана осындай түрге жатады. Рим сәулет өнеріндегі өзінше ерекшелік тұрғын үйдің жаңа түрін ойлап табумен байланысты. Оның керемет үлгілері Помпейде жақсы сақталды. Олар бір қабатты немесе бай адамдардың жалға беретін көп қабатты үйлері болды. Грек үйлеріне қарағанда рим үйлеріндегі барлық бөлмелері қатаң негізгі өске бағына орналасқан.

Интерьерге көп көңіл бөлу, салтанатты бөлмелердің қабырғаларында кескіндемелі жазу жүйесі пайда болды. Помпейлік қабырға жазба кескіндемелері кеппеген сылақтың бетіне орындалды. Помпейлік росписті шартты төрт топқа бөліп қарастырады: 1) Инкрустацияланған (б.э.д. 2 ғғ.), төртбұрыштарты әртүрлі мәрмәр мен яшмамен қабырғаны қалап шыққандай жапсырып шығады. 2) Сәулет өнеріндегі перспектиавалық стиль: қабырғалар живописті-иллюзиялы колонналармен және портиктермен бөлшектенеді; декорация үйдің қабырғаларын итеріп жылжытатындай әсер етіп, интеръердің кеңістігін үлкейте түседі. 3) Шығыстық (Ориентализирующий), оны қатаңдық, әсемдік және өлшемдікті сезіну ерекшелендірді. Тепе-теңдікте ойластырылған композиция, ашық фонда орындалған сызықты өрнектер жазық қабырғаны айқындай түседі. 4) сәнді стиль (б.э.1-2 ғғ), фантастикалы және динамикалы құрылыс декорациялары жабық тұйықталған қабырға туралы түсінікті бұзады. Суретшілер сарайдың терезесінен көрінетін фасадтың көріністерін, театральды декорацияға ұқсас қабырғада қайталап жазды.

Б. э. д. І ғасырдың соғына қарай Рим мемлекеті республикадан империяға ауысады. Римнің бірінші императоры Октавианды әдебиетте, поэзияда, бейнелеу өнерінде дәріптейді. Грек өнерін үлгі етіп алып, Октавианды және көптеген императорларды өнерде бейнелейді. Жартылай жалаңаш фигуралар грек атлеттерін еске түсірді, бірақ олардың сыртқы ұқсастықтары өте асыра сілтеушілікпен, идеалды бейнеде орындалды.

Римдіктерді тарихтағы болған оқиғаларды релъефте тура қалпында жасаушылар дейді. «Мир» алтары қабырғаларына Мир құдайына құрбандық тақырыбы бедерлеген. Әрбір император атақ-даңқын шығару үшін жаңа ғимараттар тұрғызды.

Б. э. 75-82 ж. гладиаторлық сайыстарға арнап алып амфитеатр «Колизей» тұрғызылды. Колизейдің жобасы сопақша дөңгелек (эллипс), оның ұзындығы , ал ені дейін жетті. Үш ярусты күмбезді аркалардан тұратын қабырғасының биіктігі , ал төртіншісі жабық, тек терезелер арқылы бөлінген. Бірінші ярус – дориилік, екіншісі – иониилік, үшіншісі – коринифтік, төртіншісі – коринифтік пилясталармен безендірілген25.

Құрылыста императордың құрметіне арнап, бір, үш, бес ашық саңлаулы салтанатты аркалар тұрғызу да римдіктерге тән.

Римдіктерге тән тағы да бір құрылыс түрі – терма. Терма – бұл қазіргі біздің түсінігіміздегі монша емес, ол онда демалыс орны да бар, бүтін бір комплексті құрылыс.

Римдік империя кезеңіндегі портреттік пластика өзінің шынайылығымен ерекшеленеді. Мүсіндік портреттің дамуы бірнеше сатыда өтті: жеке тұлғаға қызығушылық, адамның сезімдеріне мінездеме немесе оларға реалистік баға беру, гректерге ұқсас идеалға ұмтылыс.

III ғасырдың ортасына қарай шығыстан парсылардың Рим қалаларын басып алды. Аурудың індеттері мен аштықтан, жер сілкіністерінен Рим қалалары қирай бастады. Бұл кездегі тарихи болған жағдайлар, шынайы жазылған мүсіндік портеттер мен бейнелерде сақталып қалды. Рим қалаларында кең етек жайған, шығыстың мистикалы діни рәсімдері мен қиын теологиялық оқулар, өнерде де көрініс тапты. Дегенмен негізгі өзгерісті әкелген – I ғ.мен 313 жылға дейінгі аралықта қылыптасқан, христиандық дін еді. Христиандық дін адамның тәнін күнә мен түрлі азғырушы нәрселерге арналған ыдыс ретінде қарап, жердегі өмірді жек көруге уағыздайды. Бұл антикалықтан, антикалық дүниетанымдық түсініктер мен антикалық эстетикалық идеалдардан ажырауға әкеліп соқтырды. Өнер рәмізділікке, шарттылыққа ығысып, неғұрлым «графикалыққа» ауыса бастады. Біртіндеп Орта ғасыр жақындай түсті.

Негізгі әдебиеттер

1. Гнедич, П. История искусство: Египет. Передняя Азия. Эллада. Рим. Арабы. / Репритное воспроизведение издания 1908 года. – Третье издание.- Красноярск: Российский фонд культуры ХТО «Краевед» совместное с ТОО «Интеграл», 1994 – 495 с.: илл.

2. Ривкин Б.И. Античное искусство. Малая история искусства. М.,1970.

Тапсырмалар:

1. Грекиялық және Рим көркем өнеріне салыстырмалы талдау.

2. Римдік портреттік мүсіндер. Иллюстрациялар жинау.

Оразқұлова Қалдыгүл

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...