«АУЫЛ» партиясы және «Мәдениет порталының» ұйымдастыруымен өтетін «Ауы...
II Халықаралық “PHOTOfest. KZ” фотофестивалі өтеді
Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналған II Халықаралық “PHOTO fest. KZ” фотофестивалі өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"
Аталмыш фестиваль аясында отандық және Түркия, Германия, Жапония, Франция сынды әлем елдерінен келген атақты фотографтар қатысады. Астана қаласының көрікті жерлерін түсіруге мүмкіндік беріледі. Фестиваль барысында фотографтар Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасап, әсем табиғатты, үйлесім тапқан ансамбльдердерді түсіреді, сонымен қатар фестиваль нәтижелері бойынша фотоальманах жарық көреді.
Айта кететін жайт, 2018 жылдың қаңтар айының 17 жұлдызында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен әлемдік танымал фотографтардың «PHOTOfest.KZ» Халықаралық фотофестивалінде жүлде алған жұмыстары көрмеленді. Ағымдағы жылы Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің уақытша төрағасы атанды. Бұл жөнінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ресми түрде Линкольн орталығында ерекше атап өтті. Салтанатты іс-шарадан соң «PHOTOfest.KZ» көрмесі жалғасын тапқан болатын.
Көрме аясында 2017 жылдың 1-7 шілде аралығында өткізілген фестиваль барысындағы әйгілі фотографтардың елордамыз Астана қаласын, «EXPO-2017» қалашығын және де Қазақстанның аса көрікті жерлерін, табиғи керметтерін аралап, түсірген туындылары ұсынылды. 2017 жылғы фестиваль нәтижесінде «Қазақстан – әлем фотографтарының көзімен» атты фотоальманах шықты. Ұсынылған туындылардың туындыларының жиынтығынан Нью-Йорк қаласы БҰҰ штаб-пәтерінің көрме залы және Линкольн орталығының фойесінде Қазақстанның қазіргі қарыштап дамыған жарқын келбетін Әлем жұртына таныстыру мақсатымен аумақты көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2017 жылдың 12 желтоқсанында АҚШ-тың БҰҰ штаб-пәтерінде ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырған «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Салтанатты ашылуға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, Қазақстан мен шетелдің ғылым және мәдениет қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және өнерсүйер қауым қатысты.
Іс-шараның мақсаты мен міндеті – бүгінгі Қазақстанның елордасының дамыған, жарқын келбетін отандық және әлем фотографтарының түсірген фотолары арқылы жұрт алдында паш ету, әйгілі фотографтардың Астананың көрікті, ең сұлу жерлерінде жасаған еңбектері арқылы тек елорданың ғана емес, жалпы барша еліміздің позитивті имиджін қалыптастыру. Бірнеше күндік жұмыс нәтижесі бойынша ең үздік жұмыстар орын алған арнайы фото-көрме ұйымдастырылады. Көрме Астана қаласының «Астана-Бәйтерек» монументінің ашық алаңында шілде айының 10-30 аралығында ұйымдастырылады.