Пешенесіне анау он жетінші ғасыр жазылып, дәурені озып кетсе де атағы күні бүгінге жаңғырып, адамзат...
Леонардо да Винчидің «Лестер Кодексі» – ең қымбат кітап
Тарихта ең қымбат кітапты итальян суретшісі, сәулетші, скульптор жәна ғалым Леонардо ди сер Пьеро да Винчи жазған. Миланда болған кезінде, ол «Су, жер және аспан істері жөніндегі трактат» деп атаған кітабын құрастыру үшін 4 жылын жұмсады. 1506 жылдан 1510 жылға дейін Леонардо да Винчи өзінің байқағандарын, ойға түйгендерін және логикалық тұжырымдарын жазып жүрді, оларды суреттермен, схемалармен, математикалық есептеулер және сызбалармен бірге өрнектеуді де ұмытқан жоқ.
Көп еңбекті талап еткен жұмыстың нәтижесі «айналық» қаріппен екі жағы да толтырыла жазылған 18 парақ болды, олар 72 беттік кітапқа жинақталды. Леонардо да Винчи «айналық хат» техникасын қолдануды ұнататын, оны ол өзі ойлап тапқан еді, Лестер кодексін де тек жарыққа шағылыстыру арқылы ғана оқуға болатын.
Кітаптан Леонардоның мынадай тақырыптардағы пікірлерін оқуға болады: неге Ай сәуле шашады, жер бетінде жансыздық қайдан пайда болды, су өзен арналарында неге және қалай ағады және осыған ұқсас тағы да басқалар. Бір ғана нәрсе өзгеріссіз болды: «Кодекстің» әрбір жаңа тарауында да Винчи ұрпақтарына әлем дегеніміз – біртұтас «тірі организм» дегенді дәлелді түсініктермен жеткізді. Леонардо ауа дегеніміз – «жер шарының жаны», өзендер – «қаны», жердің үсті – денесі деп көрсетті.
«Трактат», 1717 жылы осы бірегей еңбекке ие болған және ұзақ уақыт бойы оның сақтаушысы және қожайыны болған Англиядан шыққан ежелгі графтық рудың тегі бойынша өзінің «Лестер Кодексі» деген атауына ие болған.
1980 жылы кітапты Лестерлердің ұрпақтарынан мұнай алпауыты және сирек кездесетін заттардың коллекционері Армад Хаммер сатып алған. Тіпті аз уақытқа болсада кітаптың атауын «Хаммер Кодексі» деп те өзгерткен.
Мұнай алпауыты қаза тапқаннан кейін, 1994 жылы кітап аукционға қойылып, оны Билл Гейтс («Microsoft-тың» негізін қалаушы) сатып алған. «Лестер Кодексі» өте үлкен рекордтық бағаға – $30,8 млн. сатып алынған, 2015 жылдың қаңтарындағы бағаммен санағанда бұл цифр $44,6 млн-ды құрайды.
Алайда, тіптен раритеттің меншік иесі бола тұра, Билл Гейтс «Су, жер және аспан істері туралы трактатты» тығып қойған жоқ, ол әлемнің түрлі мұражайларындағы көрмелер кезінде кітапты құрметпен таныстырып келеді, ол жерде бұл кітапты көруді қалаған кез-келген адам көре алады.