Өсімдіктер түрі

Биология
173

Өсімдік аурулары
Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода, т.б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.
 
Өсімдік аурулары
Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел – өсімдіктердің тат аурулары. Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма, т.б. шалдығады. Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Кешке қарай ауа салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы қалпына келеді. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады. Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары) салдарынан болады. Топырақта тіршілік ететін сымқұрттар мен зауза қоңызының дернәсілдері өсімдіктердің тамырларымен қоректеніп, негізгі тамырларды зақымдауынан олар біртіндеп солады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар – токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады. Таз қотыр ауруы өсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін зақымдайды. Олардың бетінде қара дақтар пайда болып, көптеген саңырауқұлақ жіпшелері бар қатты қоңыр даққа айналады. Бұл дақтар жемісті тіліктеп қатты жарақаттайды. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жағдайда олардан келетін шығын 30 – 40%-дан асады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет. Кеміргіш бунақденелілерден келетін ауруларды төмендетуде ауыспалы дақылдың және жер қыртысын аудара жыртудың маңызы зор. Сонымен қатар, отырғызылатын көшеттер мен тұқымды инсектицидтер және фунгицидтер ерітіндісінде дәрілеген жөн. Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін карантиндік және фитосанитарлық, агротехникалық, ал қажет болса химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат үшін селекция және биотехнология әдістерін кеңінен пайдалана отырып ауруға берік немесе төзімді сорттарды шығарудың атқаратын маңызы өте зор. 
Өсімдіктердің аурулары. Өсімдіктердің ауруларын, олардың таралу және шығу себептерін зерттейтін, сонымен бірге олармен күресу шараларын белгілейтін ғылымды — фитопатология деп атайды.

Өсімдіктердегі ауруларды жұқпалы емес және жұқпалы деп екіге бөледі. Оның біріншісінде өсімдіктердің өсуі мен дамуына жалпы жағдайлар әсер етеді, ал екінші жағдайда ауруды паразит саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар қоздырады.
Бұлардың ішінде вирустық аурулар жер шарының барлық тұқ-пірлерінде таралған. Вирустар негізінен өсімдіктер цитоплазмасында тіршілік етеді және сол плазманы бірнеше рет ■сұйылтқанның өзінде ол активтігін жоймайды. Мәселен, темекі теңбілі 1 : 100 000 есе сұйылтқанда да өзінің вируленттік қасиетін жоғалтпайды. Вирустар ауру өсімдіктерден сау өсімдікке бірнеше жолдармен ауысады. Сорушы насекомдардың сілекейлері арқылы вирус сау клеткаға ауысады. Қейбір насекомдар ауру өсімдіктердің шырынын сорып қоректенеді және ол бүкіл тіршілігі бойына осы виірусты тасымалдаушы болып есептеледі. Өсімдіктердің қай органына бол-масын келіп түскенде вирус олардың басқа Іоргандарына лезде таралады.
Вируспен ауырғанда аурудың инкубациялық кезеңі түрліше болады. Мәселен, темекі теңбілі үшін ол 9—11 күнге, ал картопта аурудың белгілері тек күзде ғана біліне бастайды. Қейде бір вирус-тың өзі бір туысқа немесе тұқымдасқа жататын бір топ өсімдіктерді зақымдай алады. Вируспен ауырған өсімдіктерде хлоропластар бүлінеді. Соның нәтижесінде жапырақтардың түсі өзгереді, теңбіл денеді. Жапырақ алақаны жиырылып, бүрісіп, шиыршықтала қалады, тостағанша мен күлте де өзгереді.
Соңғы кездерде өсімдіктердің сарғыш тартып ауруы бактериялардан да үсақ микоплазмалардың әсерінен болатыны анықталды. Сары аурумен ауырған өсімдіктердің органдарын тіліп қарап ғалымдар осындай қорытындыға келді. Қазір микоплазмалық денелер 40 шақты өсімдіктердегі ауруды қоздырушылар болып есептеледі.
Вирустарға қарағанда микоплазмаларды жеке күйінде қоректік ортада өсіруге болады. Олардың көпшілігі элиппс тәрізді келеді. Микоплазмалық денелер вирустарға қарағанда антибиотиктерге| оезімтал келеді. Олармен күресуде хлортетрациклин, окситетрациклин және хлорамфенил қосылған тетрациклин жақсы нәтиже береді.
Сұлыдағы қуыршақтану ауруы сары аурудың біріне жатады. Бұның басты белгілері өсімдіктің өсуі, гүлдегі кейбір морфологиялық өзгерістер, мәселен, аталықтар жасыл болғанына қарамастан кіщірейіп кетеді, жапырақтарға теңбілдің түсуі. Оны қоздыратын қоңыр цикадалар — либурниа стриателла. Онда вирус белоктары кристалл және паракристалдар түрінде келеді. Оны өсімдіктер шырынынан кристалл препарат күйінде таза алуға болады.Астық түқымдастардағы бұл ауру көбінесе Сибирьде, Қиыр Шығыста және Солтүстік Қазақстанда таралған. Агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізіліп, қатаң сакталуына байланысты бүл аУРУ СССР-дің Европа ‘бөлігінде таралмаған. Көбінесе жерді зябке жыртқанда бұл аурудың таралуы едәуір тежеледі.
Помидордың қошқылданып ауруы сары аурудың бір түрі. Ол көбінесе еліміздің оңтүстік аудандарында (Қырым, Қырғыз ССР) таралған. Оны қоздырушы — хиалестес абсолетус. Бүнда гүлдің тостағанша жапырақшалары бір-бірімен қабысып өсіп, қоңырау сияқты түрге айналады. Бұнымен ауырған помидорлар майда, іші қатты, тұтынуға жарамайтын болады. Бұл ауруларды қоздырғыштар СССР-дің орталық аймақтарында кездеспейді. Ол оңтүстік облыстарға тән.
Өсімдіктердің вирустық ауруларына қарсы күресуде сұрыптау немеое селекция кеп көмек ікөрсетөді. Мәселен, Терновский (1964) никотина глютиноза мен никотина табакумды шағылыстыру арқы-лы вирз^с ауруына төзімді сорт шығарды. Картоптың Лорх сорты-да вирустық ауруға тьгм төзімді келеді.,
К. С. Сухов пен А. М. Вовк (1949) жылы түкымдық картопты вирустан амаи сақтау үшін оңтүстік обльгстарда оны себудің мерзімін өзгерту керек деген үсыныс жасады. Мәселен, вирусты тасымалдаушы организм хиалестес обсолетус июнь айының аяғы июльдің басында шыға бастайды. Суармалы жерлерде тұқымдық картопты июльдің бірінші онкүндігінде отырғызу оларды аурудан саіқтайды.
Вирустық және микоплазмалық ауруларды құртудың жолына олардың табиғаттағы көзін, таралу жолдарын жою жатады. Мәсе-лен, қуыршақтанудың қоздырғышы табиғи жағдайда өсетін астық түқымдастарда, ал помидордың қошқыл ауруын қоздырушылар —■ дала шырмауығының тамырында қыстап шығады.
Насекомдар арқылы таралатын вирустық аурулармен күресуде иноектицидтер жаксы нәтиже береді. Сонымен қатар ауыспалы егісті дүрыс жүргізу, ауру өсімдіктерді дер кезінде құртуда бұл саладағы пайдалы шаралардың бірінен саналады.

Жүктеп алу
107 рет жүктелген
525.50 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті