Жеміс пен көкеніс

Биология
379

Алма
Алмалар тұқымдас тармағы. Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері аналықтың үстіңде орналасады, гүлтабаны ойыс.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ағаштар мен бүталардың 10 түрі, ал Қазақстаңда 6 түрі кездеседі. Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп кездесетін түрлері мыналар: орман алмасы (яблоня лесная). Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді және оларды өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар (кептіруге, вино жасауға, джем жасауға). Алма ағашының барлық екпелі сорттарыньщ күрделі комплексі «үй алмасы» (яблоня домашняя -) деген атпен топтастырылады.
Химиялық құрамы: Алмада С,В1,В2,Р,Е,каротин,К,Fe,Mn,Ca,пектиндер,қант,органикалық қышқылдар болады. Сол сияқты микроэлементтер болады. Алма қабығында флавоноидтар бар. Және құрамында 84-90% су болады. Алма дәнінде 15%-ға дейін май және амидалин гликозиды 0,6%. Жапырағында С витамині, 450мг гликозид амидалині бар.
Қолданылуы: Ол бүйрек аурулары үшін әсіресе инфаркт, ауруларына шалдыққандарға аса қажет дәм. Бүйрек ауруымен ісіп кеткендер үшін шипалы сусын әрі ас. Алма қабығынан қайнатылған сусын салмағынан арылушылар үшін таптырмайтын дәрі.
Сол сияқты оны асқазан-ішек және ас қорыту жүйесі жолдарының нормализациясын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ тәбеттің ашылуына көмектеседі. Алма құрамындағы пектиннің әсерінен қандағы холестериннің мөлшері төмендейді. Алманы авитаминоз жағдайында,С витамині азайғанда,қаназдыққа шалынғанда пайдалануға болады. Сонымен бірге созылмалы ревматизм жағдайында,гастритте қолданады. Тағы бір айта кететін  жағдай-адам организмінің радияцияға қарсы тұратын қабілетін күшейтеді.
Өт қабындағы тасты операциясыз алуға да болады екен. Ол үшін алдымен 7,5л алма шырыны мен120мл зәйтүн майы қажет. Басында 3 күн алмамен диетаға отыру керек. Себебі алма ағзаны тазалайды,уды бейтараптандырып, артық  шлактарды шығарып тастайды. Бірінші рет 1стакан алма шырынын таңғы сағат 8.00-де ішкен соң кешке дейін ешнәрсе жемеу керек. Кешкі сағат 20.00-ге дейін әрбір 2сағат сайын 2стакан алма шырынын ішу керек. Сонда күніне 3,5л шырын болады. Екінші күні де дәл осындай жүйемен диета ұстайды. Мұның бірінші күннен айырмашылығы бар-ағза біршама тазаланғанымен,тас пен құм ағзадан ешбір аурусыз шығады. Егер осы кезде зәр шықпаса,әр күннің соңында дәрілік шөптерден жасалынған тұнба пайдалану қажет. Ал үшінші күні таңертең 8.00-де 2стакан алма шырынын ішіп, жарты сағаттан соң 120мл таза зәйтүн майын ішу керек. Соңынан дереу алма шырынын ішіп жіберген дұрыс. Кейіннен ағзаның шыдамдылығына қарай 20-30мин көлемінде ыстық ванна қабылдау керек. Бұл кезде терлеген өте маңызды. Май қабылдаған соң әлсіздік пайда болса,жатып демалу керек. Нәтижесін бірнеше сағаттан соң көруге болады. Зәрде құм пайда болып,нәжісте жасыл немесе қара, ұсақ тастар болады. 

Сарымсақ
Сарымсақ-көпжылдық шөптесін өсімдік. Көптеген елдердің көкөніс мәдениетінде өзіне тән дәмі,иісімен ерекше орын алады.
Химиялық құрамы: Құрамында 35-42%құрғақ заттар,соның ішінде 6,0-7,9%белок,7,0-28мг% С витамині,0,5%қант,20-27%полисахаридтер болады.
Қолданылуы:Қарапайым сарымсақтың халықтық медицинада  сан ауруға ем. Қытай халық медицинасы сарымсақты салқын тиюден болған аурулардың барлық түріне, тыныс жолдары ауруына, тіпті туберкулезге қарсы қолдануға кеңес береді. Бірінші күні 30 грамм сарымсақ қабылдау қажет. Осылайша ай жарым ішінде мөлшерін күннен-күнге көбейте 90-120 грамға дейін жеткізеді. Ал ай жарымнан кейін сарымсақтың мөлшерін керісінше біртіндеп азайтып, бастапқы кезеңдегі 30 грамға дейін төмендетеді. Осы кезеңде күніне бірнеше рет сарымсақ буымен дем алу қажет, ал арқа мен кеудені өсімдік майымен 1:1 араласқан сарымсақтың сөлімен сүртеді.
Он шақты пиязды бір бас сарымсаққа араластырып турап, сүтке салып жұмсарғанша қайнатады. Оған аз ғана шырын немесе шөптердің қайнатпасын құйып, балды қалауынша қосады. Мұны күшті жөтел кезінде сағат сайын ішуге болады. Қатты тұмауратқанда, көп сипаттағы салқын тию белгілері (түшкіру, жөтелу, қызу көтерілу т.б.) білінгенде, тамақ ауырғанда, ангина, бұлшық ет пен сіңірлер ауырғанда бір шай қасық сарымсақ майын және 20-25 тамшы пияз сөлін қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отырады. Мұрынға 5-10 тамшыдан тамызу қажет.
Тұмау, қолқаның қабынуы, өкпеге салқын тигенде 300 грамм сарымсақты ұсақтап, шарапқа араластырып, бетін мұқият жауып, 30 минут қояды. Сосын 200 грамдай қалдығын бір литр “Кагор” шарабына сүзіп құйып, қоспаны екі апта тұндырып қояды. Қойыртпақты мезгіл-мезгіл шайқап қойған жөн. Тұнбамен арқа мен кеудені бір-екі рет ысқылап сүртіп тұрған пайдалы.
Жүрек ауруларына да сарымсақ – таптырмайтын ем. Бір литр балға он лимон сөлін қосып, оған он сарымсақты ұсақтап араластырып, тығыз жабылған ыдысқа салып қояды. Ол қараңғы, салқын жерде бір апта тұруы тиіс. Сосын күніне бір рет 4 шай қасықтан тамақтанардан 20-30 минут бұрын қабылдайды. Әр қасықты жұтқан сайын арасына бір минут үзіліс жасап алған жақсы. Бұл қоспа демікпесі бар стенокардияға өте пайдалы. Тіпті бірер адым жүрген сайын ентігіп қалып, тыныстап алатындардың өзі осындай тұнбаны қабылдағанда сауығып кеткен.
Ағзадағы холестериннің деңгейін төмендетуде де сарымсақ жақсы көмектеседі. Ол үшін күн сайын өрік, шие, қара өріктен алынған қойыртпақты 15-20 грамнан қабылдап, бұған қоса, бір шай қасықтан күніне үш рет сарымсақ майын немесе 1/3 шай қасық сарымсақ ұнтағын қабылдап отыру қажет.
Ал бастапқы инфаркт кезінде тамақ мәзіріне сарымсақ майын, сарымсақ шарабын, сарымсақтың өзін араластыру керек. Бұл инфаркті тежейді.
Жүрек ұстамасының дамуын тоқтату үшін сарымсақтың тазаланған бір шағындау талын жұтып жіберген дұрыс. Қалтаңызда нитроглицерин болмай қалған кезде осылай істесеңіз, жүрегіңізді бүрген ауру із-қайым жоғалады.
Бұрынғы өткен емшілер жүрегіне қан толып, тынысы тарылған адамға сарымсақты тұзға батырып, содан соң стакан толы шарапқа араластырып ішкізген. Бұдан кейін ауру адамның пештің түбіне жылы жерде терлеп жата тұруына мүмкіндік береді. Сол кезде қан дененің барлық жеріне тарап кетеді де, ол адам тез сауығады.
Қант диабетін ауруды да сарымсақпен емдеуге болады. Сарымсақтың 100 грамм кесіндісіне бір литр қызыл шарап құяды. Қоспаны жарық түсетін жылы жерге екі апта қояды. Мезгіл-мезгіл араластырып, сүзбеден өткізіп қойған да артық болмайды. Сосын мұздатқышта сақтау керек. Дайын болған емдік тұнбаны 1-2 ас қасықпен күніне үш рет тамақ ішер алдында қабылдайды. Сондай-ақ сарымсақтың үш-төрт басына (ұсақтап туралған) 500 мл. қайнаған су құйып, бетін орап 20 минут бұқтырады. Сосын күні бойы шай сияқты іше беруге болады. Диабетке арналған емнің тағы бір түрі - ұсақтап туралған бес-алты бас сарымсақты 500 мл. қара суға салып, жақсылап араластырады. Күннің көзіне бір сағат бұқтырады. Мұны су сияқты шөлдегенде іше береді.
Беттегі безеу, бөртпе, терінің тағы басқа іріңді жараларына сарымсақтан былайша емдік тұнба жасайды. Төрт жүз грамм сарымсақты ұсақтап шыны құтыға (бутылка) салады. Үстіне шамалап спирт құйып, күннің көзіне сұйықтық сары-жасыл түске енгенше (мезгіл-мезгіл араластырып) қою керек. Бұдан соң сүзгіден өткізіп алған жақсы. Оны қабылдағанда алғашқыда бес тамшыдан, сосын әр күн сайын оған бір тамшыдан қосып сумен ішеді. Осылайша күн сайын көбейтіп, 25 тамшыға жеткізгенде, керісінше, күн сайын бір тамшыдан азайтып, қайтадан бес тамшыға жеткенше қабылдайды. Қажет болған жағдайда бұл емдеу курсын қайталауға болады. Тұнбаны жараға жағып, терінің зақымданған жерін сүртсе де артық етпейді. Іш өту және жұқпалы іш аурулары өте қауіпті. Бұл ауруларға, әсіресе, балалар бейім келеді. Әрине, дәріханада іш ауруларына қарсы неше түрлі дәрмек бар. Алайда табиғи қауіпсіз ем қолданғанға жететін ештеңе жоқ. Осы ауру түрлерінен емделуге де сізге тағы сарымсақ көмекке келеді. Мұндай жағдайда бөлшектенген қараот (портулак) жапырағын (бір ас қасық) бір стакан ыстық суға салып кішкене қоя тұрады, сосын 30 минут қайнатып, оған бір-екі бас ұсақталған сарымсақ қосады. Қымтап орап, жиырма минуттай тұндырып, сүзгіден өткізеді. Жұқпалы іш ауруларында осы тұнбаны 1/2 стаканнан күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Жұқпалы іш ауруларынан емделгенде күн сайын тәулік бойына бір бас сарымсақты тұтастай жеген дұрыс. Бұл аурудан тез жазылуға көмектеседі. Ал іш өткен кезде 2-3 грамм сарымсақ ұнтағын күніне екі рет тамақтан кейін қабылдайды. Мұның тиімді әсері бірден байқалып, іш өту тоқтайды, адамның тамаққа да тәбеті оянады. Негізінде сарымсақ ұнтағы адамды қауіпті жұқпалы іш аурулары қоздырғышынан да қорғайды. Жұқпалы іш аурулары және асқазан ішек жолдары ауруларынан емделу үшін карболен ұнтағын (дәріханалық препарат) сарымсақ сөлімен 1:1 етіп араластырып, жылы пешке (духовка) сарымсақ сөлін кепкенше ұстайды. Оны 1/3 шай қасықпен күніне үш рет тамақтан 20-30 минут бұрын қабылдау керек. Карболен ұнтағына сіңген сарымсақ сөлі тек асқазан, ішек жолдарына түскенде қайтадан жайлап бөлініп шығады. Бұл тәсіл сарымсақтың емдік қасиетін одан сайын күшейте түседі. Бұл емді сондай-ақ тамақтан, жеміс-жидектерден уланғанда, дәрі-дәрмектік заттармен өте қатты уланғанда, асқазан бүріп ауырғанда, іш өткенде күніне үш рет (тамақтан 30 минут бұрын) қабылдау керек.
Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртеді. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше жақсы өседі.
Сарымсақ – теріге сыздауық, сүйел, теміреткі, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Мысалы, шағындау шүберекті өсімдік майына шылап алып, артық майын сығып, ортасына ұсақтап туралған сарымсақ салып, сыздауықтың (тағы басқа жаралардың) үстіне жапсырып таңып тастаса, сыздауықтың қабығы тез жарылып, қабынуы тоқтап, ауруы басылады. Жараның үстіне танған сарымсақты күн сайын ауыстырып тұру керек.

Жүзім

Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды

Химиялық құрамы: Жидегінің шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза, глюкоза (15 – 35%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералдық заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар.

Қолданылуы: Жүзім ағзаны холестериннен тазартады. Медицинада гемоглобинді көтеру үшін, қан аздыққа, бүйрек, жүрек, жүйке ауруларына қарсы, бронхит кезінде жөтел мен қақырық шығару үшін қолданады. Жүзім шырыны несеп және өт айдау үшін қолданылады. Қазіргі кезде ғалымдар жүзім сүйегінің қатерлі ісіктерге қарсы ем болатынын дәлелдеуде. Жүзімнен шырын, компот, тосап, мармелад жасайды. Жүзім шарап өндіруде кеңінен қолданады. Ал шарап жасаудан кейінгі қалдықтардан сірке қышқылы, этил спирті, эфир майы шығарылады. Сонымен қатар жүзімді кептіріп, мейіз жасайды. Піскен Жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Жүзім құрамындағы дәру-мендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол – сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәрyменінің белсенділігін арттырады. Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз, қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда өте көп кездеседі.

Қияр
Қияр немесе кәдімгі қияр – Асқабақ (Cucurbitaceae) тұқымдастылардың ішіндегі қияр туыстыларына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, биіктігі 1-2 метрге дейін барады. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Қияр мәдениетке 6000 жыл бұрын енген. Оның Отаны – [Үндістанның тропикалық аймағы және Қытай]. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі.    
Химиялық құрамы: Құрамында 95—96% су, 4—5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2—25% қант, 1% белок, 0,1% май, 0,7% клетчатка, С, В тобындағы витаминдер, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы бар.
Қолданылуы: Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Мысалға, XVII ғасырда жазылған «Прохладный ветроград» атты орыс кітабында қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Қияр шырынын судың орнына ішуге болады деп айтылған. Терінің күйген немесе зақымдалған жерін қиярды қою арқылы емдеген. Косметика саласында да қияр үлкен орын алған. Қияр көптеген теріні ағартатын кремдердің құрамында бар. Сонымен қатар, қиярды табиғи күйінде немесе тұздап тағамдарға пайдаланады.
Жөтелге қарсы бірден-бір ем-қияр сөлі. Қияр сөлін балмен қосып ішу-тыныс алу жолдары мен жұтқыншақ ауруларына,дауыс қарлығып,құрғақ жөтел пайда болғанда көмектеседі. Мұның себебі,қияр құрамында йод көп. Жөтел қысқанда қияр сөлін балмен қосып,күніне 4-5 рет ішіп тұру керек.

Жүктеп алу
226 рет жүктелген
76.00 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Мағжан Жұмабаев
Рефераттар
ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ
Рефераттар
ТҮРКІСТАНДА ТАЙҚАЗАН
Рефераттар
ГӘККУ
Рефераттар
Өркениет басталуы