Тұрсынбек Қабатов
ACTORТұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов (1979 жылы 10 қазанда БҚО Казталов ауданы Ақпәтер ауылында туған) — қазақстандық танымал сатира актері. "Әзіл Әлемі" әзіл-ысқақ театрының директоры. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Казталов ауданының құрметті азаматы (2014).
- Тұрсынбек Аманғалиұлы 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылында дүниеге келген.
- Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
- Еңбек жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облысытық филармониясынан бастаған.
- 2001 жылдан Көңілді тапқырлар клубында ойнайды.
- Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қабырғасында жүргенде "Аграрка сарбаздары", "Астана.кз", "Казахи" квн командаларында ойнады.
- "Казахи" квн командасы құрамында 2010 жылы Халықаралық КВН одағы жоғарғы лигасында вице-чемпионы атанды.
- 2010 жылы ТМД елдерінің "Үздік КВН ойнышысы" атағымен марапатталған.
- 2011 жылдан Астана қаласы әкімдігінің "Әзіл Әлемі" әзіл-сқақ театрының директоры.
Жетістіктері
- 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әкімі тағайындаған І-республикалық «Тайқазан» КВН ойынының жеңімпазы;
- 2003 жылғы «Мыңнан тұлпар» атты Алматы қаласы әкімшілігінің кубогының жеңімпазы;
- 2003 жылғы Қазақстан Республикасы Жоғары Лигасының 2-орын иегері;
- 2003 жылғы Юнеско шеңберінде тойланатын ақын, күйші, батыр бабамыз Махамбеттің 200 жылдығына арналған «Ел Орда - 2003» кубогының жеңімпазы;
- 2004 жылғы Алматы қаласының 150 жылдығына арналған Республикалық 1-лигасы V Чемпионатының Чемпионы;
- 2005 жылғы Республикалық Жоғарғы лигада 2- орын 2006 жылғы Республикалық Жоғарғы лиганың Чемпионы;
- 2006 жылы Қарағанды облысы әкімі кубогының жеңімпазы;
- 2006 жылы Қарағанды облысы әкімі кубогының «Үздік ойыншысы» иегері Астана.
- «Студент көктемі-2006» І дәреже Астана.
- «Елімнің ордасы -Астана» І дәреже
- 2007 жылы «Қазақ тілі –Ана тілі!» Республикалық патриоттық компаниясының аясында Қазақстан студенттер Альянсының Кубогы үшін ұйымдастырылған «Қазақша КВН» фестивалінің 2- орын иегері.
- 2008 жылы университеттің құрама командасы болып, Астана қаласы әкімінің кубогын жеңіп алды.
- Тұрсынбек Қабатов 2009 жылы 4 қарашада Астана қаласы Бейбітшілік және Келісім сарайында, 27 желтоқсанда Алматы қаласы Республика сарайында өзінің жеке әзіл кешін өткізді. 2010 жылы "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Екі Жұлдыз" байқауына қатысты,әріптесі Фарида Ниязова болды!
- 2011 жылы Базар Жоқ театрын ашты.
Марапаттары
- 2014 жылы — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі" құрметті атағы берілді.
- 2014 жылы Казталов ауданының құрметті азаматы.
- 2015 жылы — ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.