Ұлттық музейде АҚШ-тың жеке коллекцияларының бірегей көрмесі ашылды. Экспозицияға 19-20 ғасырдағы та...
Oқырмандарды тіркеу бөлімі
1539
Негізгі бағыттары:
- «ҚР Ұлттық кітапханасын пайдалану Ережелеріне» сәйкес кітапханаға оқырмандардың жазылу және қайта тіркелу жұмыстарын ұйымдастыру;
- оқырмандардың кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес кіруін және шығуын бақылауды жүзеге асыру.
Негізгі міндеттері:
- оқырмандарды «ҚР Ұлттық кітапханасын пайдалану Ережелерімен» таныстыру;
- оқырмандарға бақылау және есепке алу пунктінде бақылау парақтарын беру және шығар кезде әдебиеттердің өткізілгендігін тексеру;
- кітапхана оқырмандарының сапалық құрамы жағынан білімі, атқаратын қызметі, жас ерекшелігі және жынысы бойынша саралау;
- «ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары» дерекқорының электрондық және жазбаша (карточкалы) каталогын жүргізу;
- Ұлттық кітапханаға рұқсат етілмеген кіру жағдайларын бақылауды Күзет және өрт тобымен үйлестіре атқару;
- кітапханаға бірінші рет тіркелген оқырмандарды ҚР Ұлттық кітапханасының ресурстары мен атқаратын қызметтерімен таныстыру;
- оқырмандардға қажетті әдебиеттер мен қызметтердің орналасуы туралы толық жан-жақты ақпарат беру;
- телефон арқылы ауызша анықтамалар және кеңестер беру.
Құрылымы:
- оқырмандарды тіркеу орны;
- бақылау және есепке алу пункті.