140 жылдық тарихы бар Қазақстанның көне де ірі мәдениет ошағы Абай кітапханасының тарихында бү...
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының негізі 1961 жылы қаланды. 1976 жылы кітапханаға қазақтың ұлы ғалымы, фольклорист, педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді.Кітапхана – білім беретін, бос уақытты тиімді пайдаланатын, ақпараттық және коммуникативтік орталық болып табылады. Директоры – Бегежанова Зоя Оралбайқызы.
Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары:
·ОҚО тұрғындарына кітапхананы заманауи, ыңғайлы форматта барша қолжетімді болатын ауқымды, көпфункционалды, ақпараттық интеллект-орталығы ретінде таныту;
·рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, білімді оқырман тәрбиелеу;
·жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, тең мүмкіндікті қоғамның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қол жетімділікті, сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ету;
·жастардыұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу;
·талғампаз оқырмандардың тағылымды талаптарын толыққанды жауаптармен қамтамасыз ету;
·кітапхананы инновациялық-әдістемелік орталық ретінде дамыту.
Кітапхана құрылымының өз ерекшеліктері бола тұра, мұнда бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейтін 7 бөлім, 2 сектор бар. Атап айтқанда:
·Ақпараттық-библиографиялық бөлім;
·Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі;
·Кітапханапроцестерінавтоматтандыру бөлімі;
·Инновациялық және әдістемелікжұмыс бөлімі;
·Өнержөніндегі әдебиетбөлімі;
·Мектепкедейінгі және бастауышсыныптардағыбалаларға қызмет көрсету бөлімі;
·Орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімі;
·Бақылау және тіркеу секторы;
·Негізгі қорды сақтаусекторы.
Кітапхана жыл сайын 26 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіп, оларға 500 мыңға жуық түрлі әдебиеттер мен құжаттар беріледі. Кітапхана оқырмандары: мектеп жасына дейінгі, 1-9 сынып оқушылары және балалар оқуының жетекшілері (ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер).Қызмет көрсету жүйесі пайдаланушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылған.
Бүгінгі таңда кітапхананың кітап қоры251224дана, ал қазақ тіліндегі кітап қоры87609дананы құрайды. Бұлар балаларға арналған дүниежүзілік үздік әдебиеттер, осы заманғы балалар көркем әдебиеті (отандық және шетелдік), оқу процесіне көмектесетін салалық және анықтамалық әдебиеттер, мерзімді басылымдар, аудио және бейне материалдар,электронды басылымдар.
2000 жылы кітапханалық-библиографиялық процестерді дамытуда жаңа ақпараттық технологиялар ендіру басталды, компьютерлік және көшірме-көбейту техникалары алынды.
2002 жылы Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттар жүйесі (РАБИС) енгізіліп жұмыс істеуде. «РАБИС» жүйесі бойынша АРМ «Әкімшілік», АРМ «Каталогизатор», бағдарламалары іске қосылды.
2004 жылы – «Ауыл кітапханаларында балалармен жұмыс істеудің жаңа бағыттары» республикалық аймақтық семинар өткізілді.
2005 жылы кітапхана Интернет жүйесін қосты. Бүгінгі таңда кітапханада 43 жеке компьютерлерді біріктіретін локальдік-есептеуіш жүйесі қосылған.
2005 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын балалар кітапханасында насихаттауға арналған үздік басылым байқауы өткізілді.
2005-2009 жж. Кітапхана «Кітап және жанұя» бағдарламасы бойынша жұмыс жасады
2006 жылы - кітапхананың Web бетінің – www.altunsarin-lib.kzжәне электронды пошта ukodb@mail.ru құрылды.
2007 жылы дамыту және жаңа технологиялар бөлімі ашылып, Интернет – класс оқырмандарға қызмет көрсете бастады.
2007 жылы – «Кітапханалық астана - 2007» халықаралық конференциясының «Тарихи мәдени мұра – балалар мен жасөспірімдер кітапханасы патриоттық сананы қалыптастыру ресурсы ретінде» секциясының жұмысы өткізілді.
2007-2010 жж. Ы. Алтынсарин атындағы ОБК-ның модернизациялау жобасы іске асырылды.
2008 жылы оқырмандарды тіркеу секторы, психологиялық қызмет көрсету бұрышы, шет тіліндегі әдебиеттер бұрышы құрылды.
2008 жылы «Отан деп соққан жүрекпен...» атты 12-15 жас аралығындағы ақындардың облыстық шығармашылық байқауы өтті.
2007-2008 жж. «Жылдың ең үздік кітап көрмесі» облыстағы балалар кітапханалары арасындағы байқау ұйымдастырылды.
2009 жылы РАБИС жүйесі бойынша АРМ «Оқырмандарды тіркеу», АРМ «Іздеу. Қарау. Тапсырыс» бағдарламалары іске қосылды.
2009 жылы «Жырдан жауһар түзетін, Ханбибінің сіңлілері» атты Ханбибі Есенқарақызының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық жас ақын қыздардың мүшайрасы өтті.
2010 жылы оқырмандарға штрих код арқылы кітап беру және кітап қорын сақтауды, бақылауды автоматтандыру бағытындағы жұмыстары қолға алынды.
2010 жылыкітапхана қызметкерлерінің арасында «Мен және менің кітапханам. Я и моя библиотека» атты облыстық эссе байқауы өткізілді.
2011 жылы - «Web-кеңістігіндегі мүмкіндік аймағы. Зона доступного Web пространства» атты ғаламторға еркін кіру акциясы ұйымдастырылды.
2011 жылы –кітапханада медиа орталығын құру жобасы іске қосылды.
2011 жылы - «Ең үздік өлкелік библиографиялық құрал» облыстық балалар кітапханалары қызметкерлерінің арасында байқау ұйымдастырылды.
2011 жылы кітапхананың 50 жылдық мерейтойына орай «Кітапхана балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму ортасы» атты республикалық-аймақтық зерделі кеңес ұйымдастырылды.
2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығының аясында кітапхананың 50 жылдық мерейтойына орай«Кітапхана – балалар шығармашылық және интеллектуалды даму ортасы»атты республикалық зерделі кеңес өткізілді.
2012 жылы «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасына орай кітапхананың«Еңбек – шешуші ұлттық фактор»жобасы аясында ауқымды іс-шаралар өткізіле бастады.
2013 жылы өлкетану бағытындағы кітаптарды сандық форматқа көшіру жұмыстары жүргізіле бастады. Сондай-ақ,«Солтүстік пен Оңтүстік: мәдени телекөпір»атты онлайн-конференция Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп өткізілді.
2014 жылы кітапхана оқырмандары үшін виртуалды анықтама қызметі іске қосылды. Дәл осы жылы кітапхананың ұйымдастыруымен«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»атты облыстықАбай оқулары байқауыұйымдастырылды.
2015- Қазақ хандығының 550 жылдығына орай«Қазақ хандығын ұлықтау – тарихымызға құрмет»аттыоблыстық эссе байқауы;
-«Тәуке ханның таңғажайып ерліктері»тарихи шеруі;
-Ең көп оқитын оқырмандар арасында«Әлемді кітап арқылы танимын»аттыоблыстық байқауөткізілді.
-«Оңтүстік Қазақстанның ақын-жазушылары» толық мәтінді мәліметтер базасықұрылды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігінің күнтізбелік жоспарына сәйкес облыстық әкімшіліктің және облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық бейнелеу музейінің және Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазанғап Байболұлының 125 жылдығына орай жас суретшілер арасында«Бір өлең – бір сурет»атты облыстық байқау-көрмесі болып өтті.
Сондай-ақ, ауыл кітапханаларының жұмысын жандандыру мақсатында:
-«Балалыққа кітаппен барар жол»;
-«Жылдың үздік іс-шарасы»;
-«Компьютерлік сауаттылық»;
-«Кітап оқу – жетістікке апаратын жол»
-«Ең үздік әдістемелік құрал»;
-«Қала мен дала оқырмандары көркем әдебиетте»;
-«Балалардың қызығушылығы әлем ертегілерінде»;
-«Ауылдық кітапханаларда қолөнерді бірге дамытайық»;
-«Заманауи библиографияның типологиялық үлгісі»;
-«Балалар кітапханасының кітап қорын қалыптастыру технологиясы»жобалары жасалынып, жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 іс-шара жоспарланып, өткізілді.
Кітапхананың 55 жылдық мерейтойына орай«Жаңа ақпараттық қоғамдағы кітапхана»атты конференцияөткізілді.
2017 жылы«Әлемді кітап арқылы танимын»ең көп оқитын оқырмандар арасында«Түркі бесігі – Түркістан»атты облыстық байқауөткізіледі.
ОБК-балаларды кітаппен және ақпаратпен қамтамасыз ететін аудандық балалар кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылады. Облыс көлеміндегі балалар кітапханалары үшін әдістемелік іс-тәжірибелік көмек ретінде семинар кеңестер, тренинг сабақтар және іс-сапарлар ұйымдастырылады.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша балаларға 34 балалар кітапханасы қызмет көрсетеді.Оның ішінде:
- Облыстық балалар кітапханасы – 1;
- Аудандық орталықтандырылған балалар кітапханасы – 15;
- Аймақтық балалар кітапханасы – 2;
- Ауылдық балалар кітапханасы – 2;
- Кітапханабөлімшелері – 14;