Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі кітапханасы, облыстың қалалық және аудандық кітапханалары үші...
Қобыз өмірінің мәні
Мемлекет басшысының еліміздің болашақтағы рухани толысуының бағытын айқындаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында рухани құндылығымыз қобыз аспабын насихаттау, дәріптеу мақсатында аудандағы гуманитарлық колледжінің арнайы пән қобыз аспабының маманы Искакова Бақытгүл Байдрахманқызымен кездесу кешін өткізген болатынбыз.
Бақытгүл Байдрахманқызы 1963 жылы 5 мамырда Сарқан өңірінде дүниеге келген. Қобызда ойнау өнерін 12 жасында Алматыдағы А.Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінен бастап меңгерген. Музыка мектебінде профессор Фатима Балғайқызынан, доцент Зере Бейсебайқызынан дәріс алған. Ары қарай оқуын Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде қобыз сыныбының сырттай бөлімінде жалғастырды.
Алғаш еңбек жолын Сарқан ауданының Алмалы ауылындағы балабақшасында музыкалық жетекші болудан бастады. 1991 жылдан Сарқан гуманитарлық колледжінде қызмет етеді. Қазіргі таңда жоғары санатты мұғалім. 2017 жылы Тәуелсіз Қазақстан педагогикасының дамуына атсалысып, білім саласының өркендеуіне сүбелі үлес косып, шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбегі үшін және 2019 жылы «Егемен елдің үздік ұстазы» атты төсбелгілерімен марапатталған.
2012 жылы оқушыларды қобыз мамандығына баулығаны үшін Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің «Өнер және мәдениет факультеті» деканатының Алғыс хатымен марапатталған. Өз ісінің шебері шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз өзін жетілдіру, білімгерлерге бағыт, бағдар беріп, еліміздің өнер саласын дамыту мақсатында аудан, облыс, республика көлеміндегі байқауларға, мерекелік концерттерге белсене қатысып, әрдайым жоғары деңгейде көрінуде.
Шәкірттері аудан, облыс, республикалық, халықаралық көлемдегі байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтсақ, Уметалиева Зарина Республикалық «Дала сарыны» атты байқаудың «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленсе, Үкімет Саят І Халықаралық «Жас Толқын» өнер байқауында І орынды ие болды. Бақытгүл Байдрахманқызы қобыз аспабымен қатар жетіген аспабында ойнауды шәкірттеріне үйретуде. Түлектері еліміздің әр өңірінде әр түрлі салады қызмет етеді.
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстазға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықшылық етпес.
Құлымбетова Лаура,
Алматы облысы, Сарқан аудандық кітапханасының библиографы