2023 жылдың 8 маусымында сағат 11.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде &laqu...
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Көкшетау тарихы тереңде жатқан, Қазақстан қалаларының бірі. Қазақ бұл жерді ежелден қасиет тұтқан. Ата-бабамыздың кіндік қаны тамған Көкше жері не бір сиқырлы саясаттардың озбырлығын бастан кешкеніне ешкімнің күмәні жоқ. ХІХ ғасырдың 20 жылдарында Ресей патшалығы қазақ халқының дүрбестік жүйесі болып табылатын хандық билігін біржолата жоюға кірісті, оны Орта жүзден бастады. Жаңа әкімшілік жүйесі – округтар құрыла бастады. Сөйтіп, 1824 жылы Бұқпа тауының етегінде казактардың станицасы пайда болды. 1868 жылы бұл станица қала мәртебесіне ие болады. Ол орталығы Омбы қаласы болған, Ақмола облысына қарасты, Кокчетав қаласы (Көкшетау) болып аталды. Тұрғын саны 3 мың адам. Қалада 2 мешіт және шіркеу болған. Клуб, кітапханалар болған жоқ.
ХХ ғасырдың басында қоғамдық өмірмен революциялық қозғалыстардың өрлеуі, әртүрлі кітапханалардың пайда болуына әкелді, ол кезде Көкшетауда ауылшаруашылық мектебі болды, оның басқарушысы басқа жұмыстармен қатар, мектеп ішіндегі кітапханаға кітап қорын жинақтаумен айналысты. Орыстың классик ақын-жазушылары Пушкин, Некрасов, Лермонтов, Шевченко және тағы басқаларының шығармалары жинақталды.
Кейінірек Сібір казактарының әскери бөлімінде мұғалімдер мен оқушылар үшін «Орталық кітапхана ашылды». 1904 жылы музыкалық-драма қоғамында өздерінің кітапханасы ашылды.
1905 жылы Көкшетауда кітапхана үйі ашылды, оған оқырмандар кеңесінің шешімімен бірінші кітапханашы болып В. Семенюк тағайындалды. Кітапхана қоры 655 дана бірлікті құрады. Журналдар «Нива», «Природа и люди», «Вокруг света», «Степной край» және біршама ноталы-әуенді әдебиеттер жинақталды.
Сонау 1919 жыл – Көкшетау облыстық кітапханасы тарихының бастамасы. Сол тұста, Халықтар үйінің ішінен кітапхана ашылды, онда абонемент және оқу залы болды, бір ғана кітапханашы қызмет көрсетті. Кітап қоры 2 мың дана болған.
1926 жылдан бастап оқырмандарға 2 адам қызмет көрсетеді: кітапхана меңгерушісі және кітапханашы. Кітап қоры 3 мың бірлікке жетеді. 2 кітапханашы түскен әдебиеттерді өңдеп, алфавиттік және жүйелі каталогтарды ұйымдастырады, көпшілік шаралар өткізіп, егін себу науқанында облыстың аудандарына іссапарға шыққан.
1930 жылы кітапханаға аудандық кітапхана мәртебесі беріледі, ал 1936 жылы орталық қалалық кітапхана болады. Совет (қазіргі М.Әуезов) көшесіндегі ғимаратқа орналастырылған. Кітапхана осы ғимаратта 1946 жылға дейін болып, өз қызметін одан әрі жалғастырады. Штат 3 адамнан құралады, қор 5 мың данаға жетеді. Оқырмандар құрамы негізінен партия қызметкерлерінен, ұстаздардан, интеллигенция өкілдерінен, оқушылардан құралады.
1946 жылдың 15 ақпанындағы облыстық атқару комитетінің шешімімен қалалық орталық кітапханаға Көкшетау облыстық кітапханасы мәртебесі берілді. Кітапхананың кітап қоры ол кезде 7 мың дананы құрады. Штат бірлігінде директормен қоса 7 адам болды. Осы жылы облыстық бибколлектордың құрылуы кітапханаға жаңа әдебиеттердің үздіксіз түсіп тұруына себепші болды. Қазақ тіліндегі әдебиеттердің саны ол кезде 365 дана құжаттар болды.
1949 жылы кітапхана К. Маркс, 80 (қазіргі Абай көшесі) көшесінде автотрест ғимаратына орналастырылады. (150 шаршы метр).
1959 жылы, сол кездің өзінде кітапханада әдістемелік бөлім жұмыс істейді. Жалғыз бөлім меңгерушісі Г.И. Кашина облыс кітапханаларына әдістемелік көмекпен іссапарға шыққан. Сондай іссапарлардың бірінде Москваның бибколлекторы арқылы барылып, облыстық кітапхананың кітап қоры толықтырылған.
1952 жылы кітапхана оқушылығы ұйымдастырылады. Сөйтіп, онда облыс кітапханалары үшін кәсіби мамандар дайындалады. Ең бірінші ұстаздық еткен Г. Окольникова, М.Мұқанова, Р.Зюбина, В.С.Красноусова.
1959 жылы кітапхананың штаты 19,5 бірлікке дейін өсіп, кітапханада кітапханашылардың 1 жылдық курсы жұмыс істейді, кітап қоры 70.0 мың данаға жетеді. Кітапхананың тар көлемді жайда орналасуы, оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуде қиыншылықтар, кедергілер туғызады. Кітапхананың абонемент бөлімі басқа ғимаратта орналасқан, бұл да оқырмандаға қызмет көрсетуде қолайсыздықтар туғызған. 1960 жылы кітапханаға Е.И. Зосименко басшылық етеді. Кітапхананың дамуының жаңа кезеңі 1971 жылдың қазан айынан басталды, өйткені дәл осы мезетте облыстық кітапхана арнайы жаңа салынған типтік ғимаратқа ие болды. Бұл 300.0 мың кітап сақтауға есептелген типтік ғимарат қазіргі Абай көшесіндегі 111 үй (бұрынғы К. Маркс көшесі) болатын.
«Қазақ ССР мемлекеттік облыстық кітапханаларының типтік жарғысы» негізінде облыстық кітапханада шет ел әдебиеттері бөлімі, ауылшаруашылығы саласы бойынша әдебиеттер бөлімі, ноталы-әуенді әдебиеттер бөлімі, кітапханааралық абонемент секторы ашылады.
1975-1978 жылдары облыстық кітапхананың қызмет бағыты облыстың орталық кітапханаларына орталықтандыру торабын құруға көмек көрсету болды. Осы уақыт ішінде ұжым 70 топтық іс-сапарға шығып, 652 кітапханаға көмек көрсетіліп, 12 рет орталықтандыру комиссиясының мәжілісі болған.
1997 жылы Көкшетау облысы таратылды, сөйтіп Солтүстік Қазақстан облысына кірді.
1998 жылы М. Жұмабаев атындағы ОӘҒК Орталық қалалық кітапхана мәртебесіне түсірілді, бұл әрине кітапхананың автоматтандыру және компьютерлендіру процесстеріне, жалпы кітапхананың дамуына кері әсерін тигізді. Бөлімдер қысқартылып, сол кездегі 9 бөлімнен 4 бөлім ғана қалды.
2000 жылы Ақмола облысы құрылған кезде М. Жұмабаев атындағы кітапханаға да облыстық кітапхана мәртебесі қайтып оралды. Сөйтіп, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы аталып, директоры болып мәдениет саласында үлкен тәжірибесі бар Тсенова Майра Абушахманқызы тағайындалады.
Бұл мезетте білім беру саласының құрылымдарында өзгерістер болды. Гимназиялар, лицейлер, колледждер пайда болды. Институттар университеттерге айналды, яғни бірнеше жаңа факультеттер ашылды. Орта арнайы және жоғарғы білім беретін жеке меншік оқу орындары ашылды, бірақ олардың ешқайсысы бұл өзгерістерге толық дайын емес еді. Өйткені ақпараттарға сұраныс күнделікті өсе бастады, ұстаздардың, оқушылар мен студенттердің мыңдаған ақпараттық сұраныстарына жауап табу бұл оқу орындарының кітапханаларынан мүмкін емес еді. Осындай жағдайда М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандарға өз есігін айқара ашты. Оқырмандар санының ең жоғарғы көрсеткіші де осы кезеңдерге сәйкес келеді. Бұл 2000-2004 жылдардың арасы болатын. Күніне кітапханаға келетін оқырмандардың келім саны – 750-800 бірлікке жетті, бұдан кітапхана процесстерін технологиялық информатизациялау қажеттілігі туындады.
Облыстық кітапхана әдістемелік орталық ретінде облыстың ОКЖ ОАК және ауылдық ктапхана іс-шаралар барысында әдістемелік және тәжірибелік үлкен көмектер көрсетті. Әсіресе қорды ұйымдастыру және есепке алу мәселелері бойынша көмек әр ОАК көрсетілді, кейінірек облыс - арнайы кәсіби білімі жоқ кітапханашылар үшін курстар ұйымдастырады.
«Мәдени мұра» Бағдарламасы аясында кітапхана қоры тез толыға бастады. «Мәдени мұра» Бағдарламасы аясында облыс кітапханаларына Қазақстан баспаларынан мемлекеттік тапсырыс бойынша шыққан басылымдар ақысыз жете бастады және бұл іс әлі жалғасын табуда. Ал, облыстық кітапхана өз ретінде, облыс орталығынан шалғайда орналасқан - Қорғалжын, Жарқайың, Аршалы, Жақсы т.б. аудандарына жеткізіп отырды.
Бүгінгі күні кітапхана қызметінің негізгі алға қойған көп міндеттерінің бірі кітапхана процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді және қолдануды одан әрі дамыту.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 376 бұйрығымен «2006-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы кітапхана саласын жағырту туралы» Бағдарламасы бекітілген болатын.
Республикалық Бағдарлама 2007-2009 жылдары кітапхана саласын бүгінгі күннің талаптарына сәйкес жаңғыртуды, жаңартуды көздейді. Бағдарлама осы жылдар ішінде республика кітапханаларын бірегей ақпараттық кітапханалық жүйеге біріктіру, электрондық кітапхана құру, ақпараттық-танымдық веб-порталдарын құру, арнаулы кітапханалар қорындағы құжаттарды жаңғырту орталығын құру жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.
Осыған орай аталмыш Бағдарлама аясында «2007-2009 жылдары Ақмола облысы кітапхана саласын жаңғырту» өңірлік бағдарламасы жасалды. Кітапханаға «Пентиум-4» үлгісіндегі 25 компьютер сатып алынып, жұмыс орындары автоматтандырылған.
Кітапхана қызметінің негізгі алға қойған көп міндеттерінің бірі кітапхана процесіне үдемелі түрде жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді және қолдануды одан әрі дамыту.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 376 бұйрығымен «2006-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы кітапхана саласын жаңғырту туралы» Бағдарламасы бекітілген болатын.
Республикалық Бағдарлама 2007-2009 жылдары кітапхана саласын бүгінгі күннің талаптарына сәйкес жаңғыртуды, жаңартуды көздейді. Бағдарлама, осы жылдар ішінде республика кітапханаларын бірегей ақпараттық кітапханалық жүйеге біріктіру, электрондық кітапхана құру, ақпараттық-танымдық веб-порталдарын құру, арнаулы кітапханалар қорындағы құжаттарды жаңғырту орталығын құру жобаларын жүзеге асыруды жоспарлаған.
Осыған орай аталмыш Бағдарлама аясында «2007-2009 жылдары Ақмола облысы кітапхана саласын жаңғырту» өңірлік бағдарламасы жасалды.