Өзге аймақтардағыдай, Павлодар облысында да карантин жағдайы әр саланың дамуына өз «түзетулері...
Қорларды сақтау қызметі
Негізгі бағыттары:
- қорды сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру;
- ҚР ҰК оқырмандарының сұранысын мүмкіндігінше толық қанағаттандыру;
- ҚР ҰК әдебиеттер қорының жүйелі орналасуын, сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін жүйе құру.
Негізгі міндеттері:
- ҚР ҰК бөлімдеріне оқырмандардың сұраулары бойынша және іс-шаралар ұйымдастыруға әдебиеттерді беріп отыру;
- жаңа түскен әдебиеттерді қорға қабылдап, электрондық каталогта белгілеу;
- оқырман қолданысынан кейін кітаптарды, мерзімді басылымдарды қайта қорға қабылдау, орнына орналастыру;
- берілген әдебиеттер бойынша барлық құрылымдық бөлімшелермен есеп алмасу;
- ҚР ҰК қорын ұзақ мерзім бойы сақтауды қамтамасыз ету;
- қорды ретроконверсиялау;
- қор мазмұнының толық ашылуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру.
Құрылымы:
- Ұлттық қорды сақтау тобы;
- Электрондық каталогты ретроконверсиялау тобы;
- Негізгі қорды сақтау тобы;
- Мерзімді басылымдар тобы;
- Журналдар мен жалғасты басылымдар тобы;
- Жаңа түскен басылымдар тобы.