Бірнеше ай бойы Ұлытау облысының Елтаңбасының үздік эскиздік жобасына байқау өткені белгілі. Өңірдің...
Шымкент қаласындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Шымкент қаласындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1899 жылы А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерекесі қарсаңында өлкетанушы М.Н.Лыкошиннің растауымен ашылған.
Ағашқы кезде кітапхана қалалық касса қаражатымен қаржыландырылып ақшала жәрдем бөлінетін болған.
Мерзімді басылымдар қорын қалыптасыру бойынша жұмыстың ең қызықты түрі жолға қойылды. Жыл сайын оларға едәуір қаржы, жұмсамау және кітапхананы кітап қорымен толықтыруды тоқтатпау үшін оқырмандар 3 топқа бөлініп, әр топ мерзімді басылымның белгілі түрін жаздырып алып, кезектесе пайдаланудан кейін, жыл аяғында кітапхана қорына беруді әдетке айналдырып отырған. Осы басылымдар ішінен әдеби құнды материалдарды Іріктеу, түптеу кітапханашы еншісінде болған. Оқырмандар үшін кітапхана аптасына 3 рет ашылатын.
1910 жылдан бастап мерзімді басылымдар қоры құрылып, 30-ға жуық газет-журналды кітапхана өз алдына жаздырып алу мүмкіндігіне ие болды. Алғашқы мерзімді басылымдар ішінде «Биржевые ведомости», «Русское слово», «Туркестанские ведомости», «Туркентанский курьер» т.б.
Кітапхана көп жылдар бойы облыстың кең байтақ территориясында басты мәдени мекеме болып. қалуда. Оның оқырмандары көбейіп, кітап қорлары өсіп, толықтырылуда. Еліміз басынан кешірген тарихи оқиғалар мен өзгерістер кітапхана ісіне біршама әсерін пшгізбей қоймады.
1930 жылдардағы қатыгезді репрессия кезінде кітапхана қорының көпшілігі жойылып та кетті, біраз бөлігі кітапхана қорынан жігерлі шиновниктердің жарлығымен алынып тасталды, сондықтан кітапхана қорында энциклопедиялар мен көркем әдебиеттерден басқа 1937-1938 жылдарға дейінгі жарық көрген басылымдардың бірде-бір данасы қалмаған. Әсіресе өлкетану туралы құңды материалдардан тұратын мерзімді басылымдар қорының жоғалуы қатты сезілді. Қазірг кезде кітапхана қ зметкерлері жойылған басылымдарды жарьим жартылай қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде.
40-50 жылдары кітапхана интеллигенцияның бас қосатын орталығы болды. Бұл жерде қызықты. кештер ұйымдастырылып, әдеби пікіртталастар өткізілді, сол кездері ашылған жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен студенттері үшн кітап қорлары қалаптастырылды.
Осы жылдары облыстағы өндіріс орындарының өсіп-өркендеуі кітапхана қызметінің дамуына жан-жақты оң әсерін тигізді. библиографиялық қызмет көрсету жақсы жолға қойылды, салалық әдебиеттер көптеп толықтырыла бастады, ауыл шаруашылығының барлық саласындағы мамандарға топтық және жеке-дара ақпаратын беру қызметі.
Кітапхананың бүгінгі күндегі басты бағыттыры
Кітапхана бүгінгі таңда облыстағы әдістемелік, үйлестіруші және зерттеу орталығы болып табылады. Ағымдағы және негізгі библиографиялық, көрсеткіштерді басып шығару, өзекті тақырыптар бойынша семинарлар өткізу, кеңестер беру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу осы негізгі міндеттерді кітапхана бүгінгі күнде шешу үстінде.