Oқырмандарды тіркеу бөлімі

КІТАПХАНА
3241

Негізгі бағыттары: 

  • «ҚР Ұлттық кітапханасын пайдалану Ережелеріне» сәйкес кітапханаға оқырмандардың жазылу және қайта тіркелу жұмыстарын ұйымдастыру; 
  • оқырмандардың кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес кіруін және шығуын бақылауды жүзеге асыру.

Негізгі міндеттері:

  • оқырмандарды «ҚР Ұлттық кітапханасын пайдалану Ережелерімен» таныстыру;
  • оқырмандарға бақылау және есепке алу пунктінде бақылау парақтарын беру және шығар кезде әдебиеттердің өткізілгендігін тексеру;
  • кітапхана оқырмандарының сапалық құрамы жағынан білімі, атқаратын қызметі, жас ерекшелігі және жынысы бойынша саралау;
  • «ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары» дерекқорының электрондық және жазбаша (карточкалы) каталогын жүргізу;
  • Ұлттық кітапханаға рұқсат етілмеген кіру жағдайларын бақылауды Күзет және өрт тобымен үйлестіре атқару;
  • кітапханаға бірінші рет тіркелген оқырмандарды ҚР Ұлттық кітапханасының ресурстары мен атқаратын қызметтерімен таныстыру;
  • оқырмандардға қажетті әдебиеттер мен қызметтердің орналасуы туралы толық жан-жақты ақпарат беру;
  • телефон арқылы ауызша анықтамалар және кеңестер беру.

Құрылымы: 

  • оқырмандарды тіркеу орны;
  • бақылау және есепке алу пункті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П...