Бұл туралы Украина gрезиденті Владимир Зеленский украин халқын Жаңа жылмен құттықтаған жолдауында мә...
Қасында сүті мен жөргегі болған: қоқыс жанынан екі айлық сәби табылды
ашық дереккөз
Ресейдің Самара қаласында оқушылар қоқыс контейнерлерінің жанынан арбада қараусыз қалған екі айлық қыз баланы тауып алды. Оқиға 26 қазан күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Baza Telegram арнасының мәліметінше, оқиға Победа көшесінде болған. Жақын маңда ойнап жүрген балалар қоқыс алаңының жанында тұрған арбаны байқап, оның ішінде нәресте бар екенін анықтаған.
Оқушылардың бірі болған жағдайды анасына айтқан. Әйел дереу полиция шақырған.
Бір қызығы, арбаның ішінде сәбиге қажетті заттардың барлығы дерлік болған. Атап айтқанда, сүт құйылған бөтелке, балалар қоспасы, жөргектер мен жылы су табылған.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері нәрестенің қандай жағдайда қараусыз қалғанын анықтауға кіріскен. Тексеруге әлеуметтік қызмет мамандары да тартылған.
Көп ұзамай тәртіп сақшылары қыз баланың әкесін анықтап, оның қайда екенін білген. Қазір ер адаммен құқық қорғау органдары жұмыс жүргізіп жатыр.
Екі айлық нәресте ауруханаға жеткізілді. Қолда бар мәліметке сәйкес, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ Ресей Қылмыстық кодексінің 125-бабы («Қауіпті жағдайда қалдыру») бойынша жауапкершілік мәселесі қарастырылып жатыр.