Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті

Madeniet Portaly

ӘДЕБИЕТ
223

Астана қаласындағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АБАЙ ӘЛЕМІ» атты музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Шарада бұрын-соңды орындалмаған Абай шығармалары алғаш рет көпшілікке ұсынылды. Жаңаша музыкалық өңдеулер мен заманауи аранжировкалар арқылы ақын мұрасы жаңа кейіпте жарқырап, көрермен ерекше әсер алды.




Концерттік бағдарламада «Желсіз түнде жарық ай», «Көк тұман», «Татьянаның хаты», «Қоңыр жел», «Ақтолқын» сынды белгілі туындылар орындалды.

Кешке «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының танымал солистері қатысты. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Ерболат Шалдыбеков, Айгүл Елшібаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ерлан Рысқали және Толғанбай Сембаев бар.

Сонымен қатар «Мәдениет саласының үздігі» иегерлері Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен және республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсетті.

Музыкалық кеш Абай мұрасының жаңа тынысын ашып, көрерменді рухани тереңдікке жетелеген әсерлі мәдени оқиғаға айналды.





author

Абай

АУДАРМАШЫ

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...