Бақыттың қайда екенін кім біледі?

ӘДЕБИЕТ
3359

Осы шағын мысалды зейін қойып оқып шықсаңыз, өміріңізге өзгеше көзқараспен қарауыңыз да мүмкін.

Бір жолы бір топ құдай бас қоса қалады-мыс. Ермек үшін әр нәрсені айтып отырады. Сосын ішіндегі біреуі жұлып алғандай: 

- Осы адамдардың бір нәрсесін тартып алсақ қайтеді? – дейді.

Оған келесі құдай: 

- Несін тартып алу керектігін ішім сезеді, ол – Бақыт. Тек оны қайда апарып тығар екенбіз, қанша іздесе де таба алмайтындай етіп? - деп дал болады. 

Енді біреуі оны биік шыңның басына апарып тастайық десе, тағы біреуі:

- Бұл болмайтын сияқты. Адамдар сондай қажырлы, қанша шаршап-шалдықса да олар тауыдың басына шығып тауып алады, - деп мұңаяды.

Сонан келесі құдайдың ұсынысы мынадай болды.

- Бақытты ең түпсіз деген теңіздің тұңғиығына тасталық.

Оған да өзгелері қарсы шығады.

- Адамдардан асқан сұғанақ жан иесі жоқ, осы өз қолымыздан шыққандардың арасында. Олар қайдағы бір машинаны ойлап табады да теңізіңді тесіп өтуден тайынбайды!

- Ондай болса, басқа бір ғаламшарға апарып тасталық...

- Есіңде ме, біз оларды керемет ақыл-ойлы қылып жаратқанымызды? Бұл да бұйым емес, ғарыштық кеме жасайды да ойына келген жаққа самғап кете береді. 

Сонда арасындағы ең дана, ең қарт құдай былай депті-мыс.

- Олар керек нәрсесінің барлығын күллі өмірін сарып етіп, сырттан іздейді. Ал, Бақыт - өз жүрегінің бір түкпірінде жатыр-ау деген ой ешқашан да қаперлеріне келмейді. Сондықтан оны сонда салып, жасыру керек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды madeniportal....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада бала күтуші жұмыс берушілерінің үйінен 1 миллион теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарды ұрл...