Астанада автобус пен көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Фото: Астана ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
768

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шағын автобустың жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.

Салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.

«Екі жолаушы әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...