Төлен Әбдікұлы(Дәрігердің әңгімесі)Біздің психиатриялық аурухана қаланың батыс жағында, ернеуін...
«Бейсен және Құдаймен жарысқан адам» (эстетикалық эссе)
автордан
Кейбір адамдардың өмірі жай ғана өмір емес, өнер. Олардың өмірі уақытпен емес, мағынамен өлшенеді өзі кетсе де өнері қалады. Олардың қалдырған өнерімен жолыққанда одан самалдың лебі, гүлдің иісі, айтқан сөзінің үні, өмір сүрген сәтінің қимыл-қозғалысы көз алдыңа елестейді. Атақты тележүргізуші Бейсен Құранбек меніңше сондай адамдардың бірі.
Бірде эфирде сұхбат болып жатты. Экранның ар жағында миллионнан астам көрермен қызықтап отыр. Журналист сұрақ қойды:
– Сіз Қазақстандағы ең бай адамның бірісіз. Оның сыры неде?
- Бұда еш құпия жоқ. Бәрі еңбектенудің арқасы – деді Марғұлан.
– Бірақ, жалғыз еңбек жеткіліксіз сияқты… Мұнайдың төрттен бірі сіздің қолыңызда. Бұған не дейсіз?
Сол сәтте ол сценарийден тыс сұрақ қояды:
– Бізді қанша адам көріп отыр?
– 1 миллион 250 мың.
– Онда оларға қызықты басқа сұрағың жоқ па?
Журналист шамданып қалды:
– Сіз өзгелердің өзіңіздей болуын қаламайсыз ба? Әлде олар сізден асып кетер деп қорқасыз ба?
Жауап ұзақ үнсіздіктен кейін келді. Қарапайым, бірақ ауыр:
– Мен… шынымды айтайын Құдаймен жарыстым.
– Бұл сөзіңіз тіпті қызық қой?
– Иә, қызық! Бір күні қалтамда соңғы қалған ақшамды садақа етіп беріп, Құдайдан дұға тіледім, тура жол сұрадым. Рас айтам, келесі күні – сол садақам екі есе боп қайтты. Сол сәттен бастап қанша тапсам да, жартысын Құдай жолына жұмсайтын болдым. Осылайша мен, Құдайдың бізге айтқан бұйрығымен жарысуды бастадым. Бірақ, бұл жарыста жеңімпаз болмайды екен. Бұл шын ықыластың, сенімнің, жан тазалығының сыншысы екен, байыған сайын тазара түсуді ойладым, ешкімнен артылсам деген ниет болмады.
Айтпағым, адамдардың ойлап жүргеніндей баюды емес, нағыз адам болуды ойлау, ал байлық деген сенің адамдығыңды сынайтын ең қатерлі сынақ. Сынақтан таза өтуді ойла, демекпін.
Айтпағым:
Егер, адам осылайша Құдаймен жарыса алса – жеңу үшін емес, Оған ұнау үшін жарысса – онда ол адам өлмейді, бұл дүниеде де мәңгі тірі, о дүниеде бақытты .
Адам жалаңаш туып, киім киіп өмір сүреді. Мұны болмыс, дейді.
Болмыс болса, сағыныш иісі, келісті пішін, сүйкімді түр, келіскен келбет, әдемілікпен қатар, сұрқайлық, иіссіздік, пішінсіз сұмпайлықты да қатар алып жүреді. Адамдар осының қайсысын жақсы көреді, әрине бұл оңай сұрақ.
Шын мәнінде, адам осылай болмыс сақтаушы ғана . Экзистенциализм бұл жолды екіге бөледі: аутентикалық болмыс – өз жолын, өз орнын тапқан адам. Және бейаутентикалық болмыс – өз кірпішін қалай алмай жүрген адам-пенде.
Болмыс кейде, адамның жанындағы мөлдір бұлаққа ұқсайды. Кейбіреулер сол бұлақты аша алмай өтеді. Кейбіреулер – ашып, ішіп, өзгенің де сусынын қандырады.
Адам мейірімділікті, кешірімділікті, әділеттілікті – бойына сіңіре алғанда ғана ғажап болмысқа айналады. Ол кезде адам тірі болса да, мәңгілікке қадам басады.
Бейсен Құранбек марқұм – сол мәңгілікке қадам басқандардың бірі.
Ол тек журналист болған жоқ. Ол – мінезбен сөйлеген, ізгілікпен үйреткен, сөзімен емес, болмысымен насихат айтқан адам еді. Ол мырза еді. Оның жүрегі – халықпен, жүгі – жауапкершілікпен, мақсаты – мағынамен өлшенді.
Байлығын жинаған жоқ – бөлісті. Атақты қумады – ізімен қудырды. Құдаймен жарысқан адамның болмысы осындай ма дерсің.
Бұл философияны аша түсетін мұсылман ғалымы ибн Арабидың ойымен дамытып көрелік. Оның ойынша адам бәрін тұтас қамтып тұрған таңғажайып УЖУД (Болмыс).
Себебі, Алла оны өзіне ұқсатып осындай құдіретті тіршілік иесі етіп жаратты. Халифалық мәртебе сыйлады. Адамзат бес күн өмірде қаншалықты тәңірлік қырын шындаса, ол өлмес болмыс қалыптастырады. Бірде Дәуіт пайғамбарға Алла тағала
· Дәуіт, сүйген құлым болғың келсе, маған ұқсауға өміріңді арна! дейді
· Уа, Тәңірім, сен Аллаһ - Самадсын. Қалайша саған ұқсаймын? Сонда тәңірі
· Мен мейірімдімін. Мен сияқты мейірімді бол, өзгелерге көмектес. Мен әділеттімін. Сенде әділетті бол. Мен кешірімдімін сенде кешірімді бол. Ел сені бейнеңе қарап емес, ісіне қарап танысын, - дейді.
Осы сәттен бастап Дәуіт пайғамбар өмрін құдайға ұқсауға арнаған деседі.
5 күндік өмірді мәнге толтырғың келсе кітап оқы, білім ізде - ал артыңнан өшпес із қалдырғың келсе болмысыңды барынша шыңда, шынайыла!.
Өз ғұмырын Болмыс атты субстанцияға арнаған адам өлмес. Ол мәңгі көзден кетседе, естелікте, жүректе өмірін жалғастырады.
Бейсен және оның өлмес Болмыс қалыптастырғаны бәрініне белгілі. Санжар Керімбайдың философия мен мысалға толы кітабы Болмысты жан жағыннан аша бастайды. Бейсен ағаның бала кезінен алған тәрбие мен өнеге, есейе келе оны тәртіпке, қажырлы еңбекке, мейірім мен жауапкершілікке жетеледі. Оның болмысын қалыптастырған – осы қасиеттер.
«Бейсеннің сүндеті» атты кітаптың соңғы бөлімдерінде оның «Отбасы хрестоматиясы» жобасының көрінбейтін қолдаушысы болғаны айтылады. Барын да, малын да аямаған жан еді. Көлігінің жүк салғышына 200-300 кітапты тиеп алып, кітап сатып алуға мұқтажы жоқ жандарға таратып жүрген сәттері – соның дәлелі.
Бірде Бейсен аға сырқаттанып жатқанда, «Эксофия» кітабының қаңтар айында шығатыны белгілі болды. Жігіттер:
– Бейсен аға ауырып жатыр, кітапты ұсына қоймай-ақ қояйық. Саудаласқандай болып қалмайық, – деп шешті.
Алайда палатаға кірген сәтте ол:
– Жігіттер, кітабым қайда? – деді.
– Бейсеке, мазаламайын деп едік. Ертең кешке дейін жеткіземіз, – деп Санжар аға уәде етті.
– Жақсы, Сәке. Әдеттегідей, ашылмаған қорабымен жеткізіңдер, – деді ол.
Бұл – Бейсен ағаның алған соңғы кітабы еді…
Бұл бөлім Бейсен Құранбектің сөзбен емес, іспен жасайтын адам екенін көрсетеді. Санжар Керімбай кітап авторы - осы шығармасы арқылы келешек ұрпаққа істің маңыздылығын көрсетеді.
Бейсен – өмірін Тәңір жолына арнаған, жүрегі таза, болмысы биік адам. Ол халқына сөзбен емес, мінезімен қызмет етті. Оның бес күндік өмірі – Адами Болмысты қалыптастыру жолындағы ізгі сапар болды.
«Бейсен және Болмыс» – ХХІ ғасырда адам болып қалу үшін аса қажет құндылықтарды қамтитын ерекше био-шығарма. Ар сақтау, намысты болу, әрекет ету, тәуекелге бару, уәдеге берік болу, ана тіліңді сүю, сауатты болу – бұл қасиеттер Бейсеннің өмірінде ғана емес, кітаптың әр бетінде де жарқырай көрініс тапқан.
Адам дүние есігін ашқанда, бойында болмыс атты бұлақ болады. Ол – су толы тостағандай нәзік, бірақ аса қымбат. Сол бұлақты дұрыс аша білген жан ғана шын мәніндегі мөлдірлікке, шынайылыққа, тұнық болмысқа қол жеткізеді.
Бейсен – сағаттарға бағынбаған жан.
Ол уақыттан ұзақ өмір сүріп кетті. Себебі ол – адамзаттық болмыстың тірі үлгісі.
Ол кеткенде, артында естелік емес – жарық қалды.
Ол сөйлегенде, дауыс емес – сабыр естілді.
Ол өмір сүргенде артына – жол салды.
Санжар Керімбай ағамның кітабын қаншалықты көп жастар оқыса соншалықты жастар өмірде өз орынына ие болады.
Алып Бейсен ағамның өмірі маған, - журналист жолын таңдауға септігін тигізген еді. «Айтуға Оңай» «Қарекет» жобаларын бала кезімннен көріп өстім, экраннан мырзашылықтын куәсі болдым. Қазір бірақ хайп пен тренд заманында нағыз құндылығы бар жобалар аздық етеді.
Бейсен Құранбек Болмыстың айнасына айналған, Құдайға құндылықтарымен ұқсауға тырысқан мың жылда бір туар адам. Артыннан өшпес із қалдырған Бейсен тірі кезінде де зор құрметке ие болуға тиіс адам еді. Мынау жазба сондай бір құрметтің белгісі болсын деп, едім.
Расул Нұржан |26.06.2025