Ұрлығын жасыру үшін қарағандылық адам біреудің көлігін өртеп жіберген

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
385

Ұрлығын жасыру үшін қарағандылық адам біреудің көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

63 жастағы жәбірленушінің көлігі түнде өртеніп кеткен. 

Бейнебақылау камерасы арқылы белгісіз біреудің терезені сындырып, салонға тұтанған темекі тастағаны анықталды. 

Полицейлер 37 жастағы қала тұрғынын ұстады. 

Күдікті бұған дейін осы көліктен 1 000 АҚШ долларын ұрлағанын және қылмыстың ізін жасыру үшін автокөлікті өртеп жібергенін мойындады. 

Екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...