Ғалымжан Өтемұратов. Рубайаттар

ӘДЕБИЕТ
2797
Жазған жазбамды, жазардан бұрын білем тұтас,
Бірақ, ол мазмұнды сөз-сөзбен жаза, берем тұтас. 
Оны бір-ақ жеткізбек менің шамам емес, 
Және, соны жазылғандай оқып ғана, оқығанға ол елең тұтас. 
* 
Махаббат-бұл, ғашықтықпенен екеудегі қарым, 
Әрбір өзіне берумен, екінші жайлы аса жылы тәлім.
Оның қалайын талқылап, бөлген екі түрлі күші- құр,
Әуелгі араласпен ештеңе бола алмайды екінші күш залым. 

*

Хәл үнемі бөлек-рас қозғалыс анық бар, 
Сонда және, кездің өзгелігі әр. 
Әрбір кезде әрбір кездің айырмасын 
Сыртта таңытар-табиғаттың тез мезгілі әр. 

* 

Қараңғы кезгі хәлім, өзіме ғана әйгілі-бір анық, 
Екінші -қараңғыда өзімнен бөтен ештеңе болмас  маған қанық. 
Ол екеуге нақ, үшінші-әлденеме белгісіз қараңғылықта -
Өзімнен қадам ары, дымсыз маған жабық. 

*

Мен, ой ойлаудың екі түрімен таныспын:
Әуелден ойлаған ойдың бұзбай қалыптысын, 
Соңына жетпек-бұл, соның біреуі. 
Екінші-сақ үшін,әр жақты шолу талқысын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...