Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...
Сырағаң деген екен...
Алпысыншы жылдардың ішінде ақын Сырбай Мәуленов Ұзақбай деген кісімен көп уақыт бойы дос болып жүреді. Ұзекеңнің өзі әзілкеш болғанымен, кей-кейде өзіне әзіл айта қалсаң – қыз сияқты қысылып, ұялып қалатын қызық мінезі бар екен.
Ұзекеңнің сол мінезін жақсы білетін Сырағаң өлеңмен ол кісіге мынадай мінездеме жазыпты:
Білемін баяғыдан Ұзақбайды,
Ұзекең қызды әзілмен тұзақтайды…
Сондайын айтсаң болды бетін басып,
Ұзақбай кызараңдап тызақтайды.
***
Сырбай Мәуленов шығармашылық сапармен бірде Жамбыл облысын аралайды. Ол жақтағы жергілікті бір жас ақын Сырағаңды қолтығынан жетелеп, үйіне қонаққа апарады. Жас ақынның аздап кеудесінің желі бар ма, айтар сөзін ұйқаспен, өлеңмен айтуға тырысады екен. Сырағаңды төріне жайғастырған бойы, өзі де тізе түйістіріп отыра қалып:
Сыраға, отырайық өлеңдетіп,
Әр жолын өлең сөздің көлемді етіп, – деп сөз тастайды.
Сонда Сырағаң:
Өлеңді жеңіл-желпі айта салып,
Бағасын не қыламыз төмендетіп, – деп іле жауап береді.
Әлгі жас ақын Сырағаңның осы сөзінен соң өлеңмен сөйлегенді сап қойыпты.