Үміт Зұлхарова. Депутаттардың «Мақұл-мақұл» ойыны

ӘДЕБИЕТ
3171


Депутаттардың таңдайлары тақылдады, Қазақ тілі туралы кезекті Заңды мақұлдады:

Парламент Мәжілісінің төрағасы:

– Мырзалар! Заң қазақтарға қолайлы болсын!

– Мақұл!

– Орыстарға да оңтайлы болсын!

– Мақұл!

– Қазақ бізді мақтайтын болсын!

– Мақұл!

– Орыстар да жақтайтын болсын! 

– Мақұл!

– Тиімсіз жерлерін қысқартайық!

– Мақұл!

– Шалақазақтың тілін ұстартайық!

– Мақұл!

– Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін!

– Мақұл!

– Бірақ, обал ғой, орыс тілі де өлмесін!

– Мақұл!

– «100 пайыз қазақша» деп асыра сілтемейік!

– Мақұл!

– «Не көрсек те орыстармен бір көрейік»!

– Мақұл!

– Өлсек те бірге өлейік! 

– Мақұл!

– Өзге ұлттарға шансты бір берейік!

– Мақұл!

– Көпұлтты мемлекетпіз, өзге тілді алаламайық!

– Мақұл!

– Сондықтан, қазақ тілін тым артық бағаламайық!

– Мақұл!

– Міне, сонда боламыз қоғам зайырлы. 

– Мақұл!

– Осымен тәмам, біраз тірліктің басын қайырдық.

– Мақұл!


Үміт Зұлхарова – сатира саласында қалам сілтеп, шығармаларына қоғамдағы келеңсіз жайттарды арқау етіп жүрген өткір тілді қаламгер. Назарларыңызға сатириктің бір топ еңбектерін ұсынамыз.  

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...