2018 жылғы 12 шілдеде Қытай елінде ҚР Ұлттық музейі мен Шэньси Тарих музейі халықаралық «Алтын...
Мемлекет басшысы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді
1287
Президент аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.
Президент музейде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесу барысында мұражайды аралап шыққанын және ондағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көргеннен кейін, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.