2019 жылғы 26 қарашада сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы...
ҚР Ұлттық музейінде 2 жаңа зал ашылады
2023 жылғы 13 сәуір күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде бірқатар ауқымды жобалардың таныстрылымы өтеді. Бұл Ұлттық музей үшін және жалпы Қазақстан мәдениеті үшін маңызы зор айтулы оқиғалар болып табылады.
Бүгінгі таңда ҚР Ұлттық музейі тың музейлік жобаларды іске асыратын алаң, сонымен қатар бұл бастамаларды жүзеге асыруда ұжымдық куратор әрі бақылаушы міндетін атқарады. Музей қызметі қоғамды, мәдениет пен экономиканы дамытудың маңызды ресурсы ретінде отандық музейлердің рөлін күшейтуге бағытталған. Мәдениетаралық коммуникацияның жетекші субъекті ретінде музей Қазақстан халқының өркениеттік рөлі, дүниежүзілік мәдени мұраға қосқан ұлттық үлесін қазіргі заманғы пайым тұрғысынан бағалап, көрсетеді. Алдағы іс-шаралар Ұлттық музейдің осы бағытта атқарған және келешекте жасалатын жұмыстарының үлкен көлемін аңғартады.
15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қолөнершілер орталығы» мен «Палеонтология» залының ашылу салтанаты өтеді.
«Қолөнершілер орталығы» Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы шеңберінде іске асырылуда. Аталмыш Жолдауда ҚР Үкіметіне өнердің дарынды өкілдерін, оның ішінде суретшілер мен мүсіншілерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу тапсырылған болатын. Орталық отандық қолөнерді қолдауға, сауда аймағын құруға, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер саласындағы музей маркетингі мен менеджментін дамытуға бағытталған.
«Палеонтология» залы тарихқа дейінгі кезеңдегі Қазақстанның жануарлар әлемінің алуан түрлілігі мен байлығын насихаттауға, сондай-ақ әртүрлі геологиялық дәуірлерде өмір сүрген омыртқалы тіршілік иелерінің эволюциясын көрсетуге арналған. Онда тираннозавр, үш саусақты гиппарион жылқысы, үлкен мүйізді бұғы, алып мүйізтұмсық (индрикотерий), мамонт секілді ежелгі тарихқа дейінгі кезең жануарларының және Қазақстан аумағында палеонтологтар мен геологтар тапқан басқа да тіршілік иелерінің қаңқалары жинақталды. Экспозицияда жалпы саны 263 экспонат ұсынылып отыр.
16:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Оралов облыс әкімдері орынбасарларының, бірқатар отандық музей мекемелері басшыларының қатысуымен республикалық кеңес өткізеді. Кеңес министрдің Лувр музейіне сапарының қорытындысы бойынша өтеді, онда осы халықаралық көрнекі алаңда Қазақстанның Ұлттық көрмесін ұйымдастыру мәселесі талқыланады. Ұлттық көрмені ұйымдастыру идеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29-30 қарашадағы Францияға сапары барысында айтылған еді.
Ұлттық көрме «Қазақ дала өркениетінің мәдени коды» жобасы аясында әлемнің адам ең көп баратын және беделді мәдени алаңында Қазақстанның мәдени мұрасын ауқымды көрсетудің маңызды міндеттерін шеше отырып дайындалатын болады.
Жобаның өзектілігі цифрлық коммуникациялар дәуіріндегі түп нұсқаға пара-пар мәдениет жаһандық коммуникациялардың табысты қатысушысы ретінде елдің бәсекеге қабілеттілігі мен танылуының маңызды ресурсы болып табылатындығына байланысты.
Жобаның түйіні 2026 жылы Лувр музейінің павильоны мен залдарына қойылатын «Дөңгеленген дүние: қазақ дала өркениетінің мәдени коды» көрмесі болмақ.
Көрменің хронологиясы б.з.д. IV мыңжылдықтан XIX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл қазақ дала өркениетінің өз мәдени кодын қалыптастыра отырып, үдемелі дамып келе жатқан уақыт. Экспозицияның негізін Қазақстан Республикасының бірқатар музейлерінің қорларынан алынған шынайы сирек жәдігерлер құрайды, өйткені Қазақстан тарихының барлық негізгі дәуірлері таныстырылатын болады. Жобаның операторы - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.
Қазақстанның музей мекемелерінің бұл жобасы әлемге ежелгі дәуірден бастап, Шығыс пен Батыс өркениеттерінің жаһандық қиылысы мен олардың трансконтинентальдық сауда магистральдарының қақ ортасында өмір сүрген қалалық және көшпелі мәдениеттердің тарихын, халықтың философиясы мен дүниетанымын берген дала өркениеті феноменінің көрнекі бейнесін көрсетуді көздейді. Жоба елдің тарихы мен мәдениетінің үздіксіздігі мен өзіндік ерекшелігін осы уақытқа дейін танып үлгермеген алыс шет елдерге таныстыруға мүмкіндік береді.
БАҚ өкілдерін Ұлттық музейдегі 2 жаңа залдың ашылуы мен «Қазақ дала өркениетінің мәдени коды» халықаралық жобасының жол картасының таныстырылымына шақырамыз. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, қазақстандық музейлердің басшылары қатысады.
Аккредитацияны nmrk.muzei@mail.ru поштасына 12 сәуір күні сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет.
Ресми сайт: https://www.nmrk.kz/
Біз әлеуметтік желіде:
Instagram: https://www.instagram.com/nationalmuseumkz/
Facebook: https://www.facebook.com/www.qrum.kz/