Елім деп өткен есіл ерИманжүсіп Құтпанұлы Кереку өңірінде дүниеге келіп, Ерейментау, Сыр, Жетісу айм...
1 ҚАЗАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА КҮНІ
ЮНЕСКО-ның Халықаралық музыка кеңесінің шешімімен жыл сайын қазанның 1-інде атап өтіледі. Музыка жан-дүниемізді тербетіп, сезім пернелерін дәл басады. Әсем әуен ой-қиялымызға қанат бітіріп, көңіл сарайына нұрын төгеді. Қазақтың батырлар жыры, әні мен күйі, тереңнен толғайтын термелері – ерік-жігеріңді жанып, таусылмас қуат береді. Ондаған жылдар бойы музыканың қыр-сырын үйреніп, айналаға әдемілік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Қазақстан мен қазақ ұлтын дүние жүзіне өнер арқылы насихаттап жүрген барлық керемет жандарға мың алғыс !!!
Музыка туралы белгілі тұлғалар бүй депті:
"Музыканың жұмыс салдарынан пайда болған шаршағандықты ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиеті болады. Ол – бізге осы жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек береді". Әл-Фараби
"Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы". А.Серов
"Музыка адам жанын жарқылдатып, жалындатуға тиіс". Л.Бетховен
"Музыка мен ақындың сөзі бір-бірімен жымдаса отырып, жүрекке жылы, ұнамды бірлік жасайды". В.Астафьев
"Құрманғазы атындағы оркестр коллективін жер жүзіне насихаттауымыз керек, өйткені, ол орындаушылық шеберлігі жағынан әлемді таң қалдыратын ансамбль. Ал өзіндік ерекшеліктері мен тартымдылығы жағынан, ол шын мәнінде аса сирек кездесетін құбылыс". Т.Хренников
"Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі". Ахмет Жұбанов
Айшуақ Дәрменұлы,
1 қазан 2018 жыл.